You are here

Намаз оқу тәртібі

×

Error message

Deprecated function: Function create_function() is deprecated in views_php_handler_field->pre_render() (line 202 of /var/www/drupal7-websites/sites/all/modules/contrib/views_php/plugins/views/views_php_handler_field.inc).

  1. Ниет

Ниет - намаздың дұрыс болуының шарты. Яғни, намазға тұрған адамның Аллаһқа құлшылық жасау мақсатымен қай намазға (мысалы, ақшам не құтпан намазына) тұрғанын жүрегімен бекітуі. Алайда оны тілмен айту Пайғамбардан да , оның сахабаларынан да (Аллаһ олардан разы болсын) келмеген.

  1. Намазға тұрып, «Аллаһу Әкбар» деп тәкбир айту. Тәкбир айтқанда, қолдарды құлақ немесе иық тұсына дейін көтеріп, алақандарды қыбла жаққа қарату.

Намазға кірісерде, «Аллаһу Әкбар» сөзінен басқа сөздерді айтуға болмайды. «Тәкбир» - Аллаһты ұлықтау, Оған тағзым етуді білдіреді. Аллаһ –барлық нәрселерден Ұлы. Ол осы дүние және ондағы барлық қызықтар мен ләззаттардан Ұлы. Намазға тұрғанда, біз дүниенің өткінші қызықтарын қоя тұрып, жүрегіміз және санамызбен Оған берілген күйі, Ұлы және бәрінен де Жоғары болған Аллаһқа бет бұрамыз.

.

  1. Тәкбирден соң оң қолды сол қолдың үстіне қоямыз. Тік тұрғанда, қолдарды осы қалыпта ұстаймыз. Қос қол кіндіктен төмен тұсқа байланады.
  1. Мұстахаб ретінде «Истифтах» (яғни, «Субханака») дұғасын оқу: 
    «Субханәкә Аллаһуммә уә бихәмдик, уә тәбәракәсмук, уә тәъалә жәддук, уә лә иләһә ғайрук». Мағынасы: «Аллаһым! Сені пәктеп, дәріптеймін. Сенің есімің өте берекелі және Сенің ұлылығың бәрінен де жоғары, Сенен басқа /құлшылыққа лайық/ ешбір құдай жоқ».
  1. «Әъузу билләһи минәш-шәйтанир-Ражим» деп «Истиъаза» айту. Яғни, шайтанның маған жамандық тигізуінен Аллаһқа сиынып, панасына алуын сұраймын.
  1. «БисмилләһирРахманирРахим» деп айту. Мағынасы: «Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен Оның көмегі мен берекесін тілеп бастаймын».
  1. Фатиха сүресін оқу. Фатиха - Аллаһ Кітабының ең ұлы сүресі.
  • Аллаһ Тағала осы сүрені түсіруімен Өз елшісіне үлкен қамқорлық жасап: «Ей, Мұхаммед! Расында, Біз саған қайталанатын жеті аятты және Ұлы Құранды түсірдік», – деген (Хижр, 15/87). «Қайталанатын жеті аят» – Фатиха сүресі. Бұл атпен аталуының себебі: жеті аяттан тұратын сүренің күнделікті бірнеше рет қайталануында.
  • Әрбір мұсылман бұл сүрені үйренуі тиіс. Өйткені оны имам және жеке оқушы барлық намаздардың әрбір ракағатында оқу керек. Сонымен бірге, имамға ұйығандар да имам іштей оқығанда бұл сүрені ішінен оқиды.
  1. Фатиха сүресін оқып болғаннан соң немесе имамның оқығанын тыңдап болған соң, іштей «Әмин» деп айтылады. Мағынасы: «Ей, Аллаһ! Қабыл ет!».
  1. Намаздың алғашқы екі ракағатында Фатиха сүресіне қосып, басқа сүре немесе сүренің бірнеше аяты оқылады. Ал үшінші және төртінші ракағаттарда Фатиха сүресімен шектелген жөн.
  • Фатиха сүресі және одан кейінгі аяттар таң, ақшам және құтпан намаздарының алғашқы екі ракағатында дауыстап оқылса, бесін және екінті намаздарында іштей оқылады.
  • Намаздың басқа зікірлері тек іштей оқылады. 

  1. Одан соң рукуғқа бару үшін, «Аллаһу Әкбар» деп тәкбир айтылады.
  1. Арқасын еңкейтіп, рукуғқа барады. 

Рукуғта басы мен арқасы бір деңгейде тұру керек. Қолдар тізеге қойылады да, «Субхана Раббиял-ʼАзим» делінеді. Бұл тасбихты үш рет қайталау – мұстахаб. Рукуғ - Аллаһ Тағаланы пәктеп, ұлықтайтын жағдай.

 «Субхана Раббиял-ʼАзим» дегеннің мағынасы: «Ұлы Аллаһты барлық кемшіліктерден пәктеп, дәріптеймін. Бұл сөздерді Аллаһқа бойсұна, басымды иіп айтамын».

.

  1. Рукуғтан көтеріліп, қайта тік тұрады да, имам немесе жеке оқушы болса:

 «Сәмиъаллаһу лиман хамидаһ» (Мағынасы: «Аллаһ (Тағала) Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естіді») дейді. Одан соң барлығы да: «Раббана ләкәл-хамд» (Мағынасы: «Раббымыз! Мақтау Саған ғана арналады») дейді. Осы сөзге: «Хамдан кәсиран тоййибан мубәракан фиһ, мил-ус-сәма уә мил-ул-арды уә мил-у ма шита мин шәйин баъд» (Мағынасы: «Раббымыз! Саған сансыз, ізгі әрі берекелі, көктер мен жер және олардың арасындағы нәрселердің көлеміндей және Өзің қалағаныңша, Саған мақтаулар болсын!») дегенді қосып айту мұстахаб амалдарына жатады.

.

  1. Бұдан кейін тәкбир айтып, жерге түседі де, жеті мүшесімен сәждеге барады. Жеті мүшесі дегеніміз:

 маңдайы мен мұрны (бір мүше есебінде), қос алақаны мен қос тізесі және аяқтарының ұшы. Сәждеде қолдарды бүйірден, қарынды сандардан, сандарды балтырдан барынша алыс ұстау және білектерді жерге тигізбеу – мұстахаб.

  1. Сәждеде «Субхана Раббиял-Әъла» деп айтылады. 

«Субхана Раббиял-Әъла» сөзінің мағынасы: Бәрінен  де Жоғары Аллаһты ұлықтығы мен биік қадірі үшін дәріптеймін және аспандардың үстінде болған Оны барлық айып-нұқсандардан Пәк деп білемін». Осы кезде жерде басын иіп, өзін төмен түсірген сәжде етуші өзі мен бәрінен де Жоғары Жаратушысының айырмашылығын түсініп, Раббысы әрі Иесіне бойсұнады.

Сәжде – Аллаһ Тағалаға дұға етудің аса маңызды кезі. Мұсылман сәждеде міндетті зікірлерді айтып болған соң, дүние-ахиреттің өзі қалаған жақсылықтарын тілей алады. Пайғамбар : «Пенденің Раббысына ең жақын болатын кезі - оның  сәжде етіп жатқаны. Сондықтан онда дұғаны көбейтіңдер», – деген (Муслим, 482).

.

  1. Одан  соң  «Аллаһу   Әкбар»  деп     екі  сәжде  арасында отырады. 

Бұл   отырыста сол аяғының үстіне отырып, оң аяғын жерге тіреп отыру мұстахаб амалдарына жатады. Қолдар болса, тізенің үстіне қойылады.

  • Намаздағы барлық отырыстарды осы тәртіп бойынша жасау – мұстахаб. Тек соңғы отырыста ғана оң аяғын дәл солай тіреп, астынан сол аяғының ұшын шығарып, өзі жерге отыруына болады.
  1. Сәжделер арасында отырғанда, «Раббиғфирли» (яғни, «Раббым, мені кешір»), - деп айтады. Бұны үш рет қайталау – мұстахаб. 
  1. Одан соң бірінші сәждені жасағандай, екінші сәждеге барады.
  1. Одан соң сәждеден көтеріліп, екінші ракағатқа 
  1. Екінші ракағат дәл бірінші ракағаттай оқылады.
  1. Екінші ракағаттың екінші сәждесінен кейін «тәшәһһудке» отырып, келесі дұғаны оқиды: 

«Әт-тәхиййәту лилләһи, уәс-саләуәту уәт-тай-йибәт, әс-сәләму ъаләйкә әй-йуһән-нәби-ю уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһу, әс-сәләму ъаләй-нә уә ъалә ъибәдилләһис-салихин. Әшһәду әл-лә иләһә илләллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдан ъабдуһу уә расулуһ». Мағынасы: «Сәлемдер, салауаттар және барлық жақсылықтар Аллаһқа тән. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем, Аллаһтың мейірімі және Оның берекеті болсын! Аллаһтың сәлемі бізге және Оның ізгі құлдарына болсын! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед - Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін».

  1. Бұдан кейін намаз үш не төрт ракағатты болса, қалған ракағаттарын оқиды. 
  • Намаз таң намазы секілді екі ракағатты болса, екінші сәждеден кейін соңғы отырысқа отырады.
    .

  1. Кейін, соңғы отырыста екінші сәждеден кейін соңғы тәшәһһудке отырады.

 Ол алғашқы отырыс секілді. Алайда онда «Тәшәһһуд» дұғасына қоса  Пайғамбарымызға  салауаттар айтылады:

«Аллаһуммә салли ъалә Мухаммәдин уә ъалә әли Мухаммәд, кәмә салләйтә ъалә Ибраһимә уә ъалә әли Ибраһим, иннәкә Хамидун-Мәжид. Аллаһуммә бәрик ъалә Мухаммәдин уә ъалә әли Мухаммәд, кәмә бәрактә ъалә Ибраһимә уә ъалә әли Ибраһим, иннәкә Хамидун-Мажид»
Мағынасы: «Аллаһым! Ибраһимге және оның әулетіне игілік еткеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына да игілік ет, шын мәнінде, Сен аса Мақтаулы әрі өте Даңқтысың! Ей, Аллаһ! Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына да береке бере гөр. Шын мәнінде, Сен аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»

  • Бұдан кейін оған: «Аллаһуммә инни әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, уә мин ъазәби жәһәннәм, уә мин фитнәтил махйа уәлмәмәт, уә мин фитнәтил мәсихид-дәжжәл», – деп, қалағанын тілеп, дұға ету – мұстахаб (Мағынасы: «Аллаһым! Қабір азабынан, жәһәннәм азабынан, өмір мен өлім бүлігінен және Мәсіх Дәжжал бүлігінен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын»).
  1. Бұдан соң оң жаққа бұрылып: «Әссәләму аләйкум уә рахматуллаһ», сонсоң сол жаққа бұрылып, осы сөздерді айтып сәлем береді.

Сәлем берумен намаз аяқталған болып есептеледі. Пайғамбар : «Намаздың тахримі (кейбір рұқсат етілген нәрселерді тыюы) тәкбир, тәхлилі (соларды қайта рұқсат етуі) таслим (яғни, сәлем беру)», - деген (Әбу Дауд, 61; әт-Тирмизи, 3). Яғни, намаз Тахрим тәкбирімен басталып, сәлем берумен аяқталады.

  1. Парыз намаздардың сәлемінен кейін мына нәрселерді айту – мұстахаб:
  1. «Астағфируллаһ», яғни «Аллаһтан кешірім сұраймын» деп үш рет айту;
  2. «Аллаһуммә әнтәс-Сәләму, уә минкәс-сәләму, тәбәрактә йа Зәл-жәләли уәл-икрам. Аллаһуммә лә мәниъа лимә әътайт, уә лә муътыйә лимә мәнәътә, уә лә янфәъу зәл-жәдди минкәл-жәдд».
    Мағынасы: «Ей, Аллаһ! Сен Мінсізсің (әс-Сәлам), есен-амандық Сенен. Ұлылық пен құрмет Иесі, Сен өте Берекелісің! Аллаһым! Сен берген нәрсеге ешкім тосқауыл бола алмайды. Ал Сен бермеген нәрсені ешкім де бере алмайды. Байлық, ұлылық иесіне (бұл нәрселер) пайда бермейді, өйткені байлық пен ұлылық Сенен».
  3. Одан соң 33 рет «Субханаллаһ», 33 рет «Әлхамдулилләһ» жәнее және 33 рет «Аллаһу Әкбар» деп, жүзіншісінде: «Лә иләһә илләл-Лаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хәмду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир», деп айтылады. Мағынасы: «Аллаһтан басқа /құлшылыққа лайық/ ешбір құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Үкім ету Оған тән әрі барлық мақтау Оған лайық. Әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді».

Фатиха сүресі мен намаз зікірлерін жаттамаған адам не істейді?

  • Оған намазда айтылуы уәжіп болған зікірлерді жаттап алуға тырысу міндет. Бұл зікірлер тек араб тілінде айтылады. Олар:
  • Фатиха сүресі, тәкбір, «Субхана Раббиіл Азыйм», «Самиъаллаһу лиман хамидаһ», «Раббана ләкал хамд», «Субхана Раббиіл Әғла»,  «Раббиғ фирли», Тәшәһһуд  дұғасы мен салауаттар, «Әссәләму алейкум уа Рахматуллаһ»
  • Аллаһ Тағала «Аллаһтан шамаларың келгенше қорқыңдар» деп айтқандай (Тағабун, 16), намаз дұғаларын толық жаттамаған мұсылманға намазда өзі білген тасбихты, тахмидті, тәкбирлерді және қиям кезінде жатқа білген аяттарды қайталап тұру – уәжіп.
  • Бұл кезде ол намазды жамағатпен оқуға талпыну керек. Нәтижесінде, ол намазды толық меңгереді. Сонымен бірге, имам ұюшының кемшіліктерінің бір бөлігін көтереді. 

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі