You are here

Әртүрлі жағдайларда айтылатын дұғалар

×

Error message

Deprecated function: Function create_function() is deprecated in views_php_handler_field->pre_render() (line 202 of /var/www/drupal7-websites/sites/all/modules/contrib/views_php/plugins/views/views_php_handler_field.inc).

Таңғы және кешкі зікірлер

Аятүл Курси (273-бетті қараңыз)

Муғаууизат (274-275 бб. бетті қараңыз)

«Бисмилләһил-ләзи лә йәдурру маъас-миһи шәй ун фил-әрды уә лә фис-сәмә и уә һууәс Сәмиъул-Ъалим». 

Мағынасы: «Аллаһтың атымен, Ол сондай Аллаһ, Оның есімімен (болғанымызда), көктер мен жердегі ешбір нәрсе (бізге) зиян тигізе алмайды. Шынында Ол (Аллаһ), толық Естуші, бәрін Білуші».

Пайғамбарымыз  осы дұғаны әр күні таңертең үш рет, кешке үш рет айтқан кісіге еш нәрсе зиянын тигізе алмайды деген (әт-Тирмизи, 3388). 
«Радыйту бил-ләһи Раббән, уә бил-Исләми динән, уә би-Мухаммәдин салләллаһу ъаләйһи уә сәлләмә нәбийән»

Мағынасы: «Аллаһтың Раббым, Ислам дінім және Мұхаммедтің  пайғамбарым болғанына ризашылығымды білдірдім».
Пайғамбар  айтты: «Қайсыбір құл бұл дұғаны таңертең және кешке үш қайтара айтып жүрсе, Аллаһ оны Қиямет күні разы етуді Өз міндетіне алады» деген (Ахмад, 18967).

«Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләһә иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ъабдукә уә әнә ъалә ъаһдикә уә уәъдикә мәс-тәтаъту. Әъузу бикә мин шәрри мә санәъту, әбу-у ләкә биниъмәтикә ъәләй-йа уә әбу-убизан-би фәғ-фир ли фә ин-нәһу лә яғфируз-зунубә иллә Әнтә»

Мағынасы: «Аллаһым! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа (құлшылыққа лайық) ешбір құдай жоқ. Сен мені жараттың, мен Сенің құлыңмын. Meн шамам келгенше, Саған деген уәдемді әрі сертімді сақтаймын. Әрі Саған істегендерімнің жамандығынан сыйынамын. Маған берген игіліктеріңді мойындаймын әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды ешкім кешірмейді!»
Пайғамбар  айтты: «Кім осы дұғаны таңертең айқын сеніммен айтып, сол күні күн батқанға дейін қайтыс болса, жәннаттық болады. Ал кім осы дұғаны кешке айқын сеніммен айтып, сол түні таң атқанға дейін қайтыс болса, жәннаттық болады» (әл-Бұхари, 5947).

«Әсбәхнә уә асбәхәл-мулку лилләһи Раббил-Ъаләмин. Аллаһуммә инни әс-әлукә хайра һәзәл-йаум: фәтхаһу, уә насраһу, уә нураһу, уә бәракәтәһу, уә һудәһу, уә әъузу бикә мин шәрри мә фиһи уә шәрри мә бәъдаһ. Рабби әъузу бикә минәл кәсәл уә суәл кибар. Рабби әъузу бикә мин азабин финнәри уә азабин филқабр» (Муслим, 2734).

Мағынасы: «Біз таңды атырдық. Барша мүлік те бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһка тән халде таң атырды. Ей, Аллаһ! Шын мәнінде, мен Сенен бұл күннің және одан кейінгі күндердің жақсылығын, жәрдемі мен нұрын, жеңісі мен берекесін, сондай-ақ туралығын тілеймін әрі Саған сиынып, осы күннің және одан кейінгі күндердің жамандығынан сақтауыңды сұраймын. Раббым Саған сиынып, дерттерден және кәріліктен (қартаюым себепті аурулардан, алжуымнан) пана сұраймын. Раббым Саған сиынып Тозақ азабы мен қабір азабынан панаңды сұраймын».
Кешке «таң атырдым» деген сөз «кеш батырдым» деп өзгертіледі.
«Әмсәйна уә амсәл-мулку лилләһи Раббил-Ъаләмин. Аллаһуммә инни әс-әлукә хайра һәзиһил-ләйләта: фәтхаһа, уә насраһа, уә нураһа, уә бәракәтәһа, уә һудәһа, уә әъузу бикә мин шәрри мә фиһә уә шәрри мә бәъдаһә. Рабби әъузу бикә минәл кәсәл уә суәл кибар. Рабби әъузу бикә мин азабин финнәри уә азабин филқабр»

Тамақтанатын кезде айтылатын дұға

Тамақтанар алдында

«Сендерден біреу тамақтанатын болса, «Бисмилләһ» (Аллаһтың атымен) деп айтсын. Егер оны басында айтуды ұмытса: «Бисмилләһи фи әууәлиһи уә әхири» (Басында да, соңында да Аллаһтың атымен) деп айтсын», – деген (әт-Тирмизи, 1858, 3264).

Тамақтанып болғаннан кейін

«Кімде кім тамақтанып болып: «Әлхамду лилләһилләзи әтъамани һәза уә разақаниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууа» десе, алдыңғы күнәлары кешіріледі», – деген (әт-Тирмизи, 3458; Әбу Дауд, 4023).
Мағынасы: «Менен ешқандай қимылсыз, күш-қуат талап етпей, мені тамақтандырып, ризықтандырған Аллаһқа мақтаулар болсын!»

Үйге қатысты айтылатын дұғалар

Үйге кірерде

Бір адам үйіне кірсе: «Аллаһумма инни әс әлука хайрал мулажа уә хайрал махража. Бисмилләһи уәләжна уә бисмилләһи харажна уә ъаләллаһи Раббина тәуәккәлна» деп айтсын, одан соң үйдегілерге сәлем берсін», – деген (Әбу Дауд, 5096).
Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Сенен кіретін жердің қайырлысы мен шығатын жердің қайырлысын сұраймын. Аллаһтың атымен кірдік, Аллаһтың атымен шықтық және Раббымыз Аллаһқа тәуекел еттік».

Үйден шығарда

«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ. Аллаһуммә инни әъузу бикә ән адыллә әу удаллә, әу азиллә, әу узәллә, әу азлимә, әу узләмә, әу әжһәлә, әу южһәлә ъаләййә» (Әбу Дауд, 5094-5095).
Мағынасы: Аллаһтың атымен, Аллаһқа тәуекел еттім. Аллаһтың тауфиғы мен көмегінсіз ешбір өзгеру де, күш-қуат та жоқ. Аллаһым! Мен өздігімнен адасуымнан немесе біреу себепті адастырылуымнан, өзімнің қателесуімнен не біреу себепті қателікке ұшыратылуымнан, (біреуге) зұлымдық жасауымнан немесе маған (біреу тарапынан) зұлымдық жасалуынан, (басқаларға) надандық етуімнен немесе (біреулер тарапынан) маған надандық жасалуынан Өзіңе сиынамын.

Ұйықтарда оқылатын дұға

«Бисмикә Аллаһуммә әмуту уә әхя» (әл-Бұхари, 5953; Муслим, 2711)

Мағынасы: «Аллаһым! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз!»

Азан және мешіт

Мұсылман адамға азаншының айтқанын қайталаған жөн. Ол «Хаййа ъаләл фәлах» (Құтылуға асығыңдар) немесе «Хаййа ъаләс салаһ» (намазға асығыңдар) дегенде, «Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ» деп айтады. 

Азаннан кейін келесі дұға оқылады: «Аллаһуммә Раббә һәзиһид-дәъуәтит тәммәһ, уәссаләтил қа-имәһ, әти Мухаммәдә-нил уәсиләтә уәл-фадыйләһ, уәбъасһу мәқамән-Махмудән-илләзи уәъадтәһ». Пайғамбар  осы дұғаны оқыған адамға шапағат жасайтынын уәде еткен (әл-Бұхари, 589). 

Мағынасы: «Осы толық азанның әрі орындалатын намаздың Раббысы Аллаһым! Мұхаммедке, әл-Уәсилә мен жоғары дәреже бере гөр! Әрі оны Өзің уәде еткен мақтаулы орынға жібер».

Мешітке кірерде оқылатын дұға

«Бисмилләһ, уәссаләту уәс-сәләму ъалә расулилләһ. Аллаһуммәф-тәхли әбуәбә рахматик!» 
Мағынасы: «Аллаһтың атымен, Аллаһтың елшісіне Оның салауаты мен сәлемі болсын! Аллаһым! Маған мейіріміңнің есіктерін аша гөр!».
Мешіттен шығарда: «Бисмилләһ, уәс-саләту уәс-сәләму ъалә расулилләһ, Аллаһуммәф тах ли әбуаба фәдлик», - деп айтылады.
Мағынасы: «Аллаһтың атымен, Аллаһтың елшісіне Оның салауаты мен сәлемі болсын! Аллаһым! Маған кеңшілігіңнің есіктерін аша гөр!».

Парыз намаздардан кейін айтылатын дұғалар мен зікірлер

«Астағфируллаһ» деп үш рет айту. 
Мағынасы: «Аллаһтан мені кешіруін сұраймын».

«Аллаһуммә әнтәс-Сәләму, уә минкәс-сәләму, тәбәрактә йа Зәл-жәләли уәл-икрам» (Муслим, 591). 
Мағынасы: «Ей, Аллаһ! Сен Мінсізсің, амандық Сенен. Ұлылық пен құрмет Иесі, Сен өте Берекелісің».

Одан соң 33 рет «Субханаллаһи» (Аллаһ пәк), 33 рет «Әлхамду лилләһ» (барлық мақтау-мадақ Аллаһқа тән) , 33 рет «Аллаһу әкбар» (Аллаһ ұлы)  деп, жүзіншісінде: «Лә иләһә илләл-лаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул мулку уә ләһул-хәмду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир» деп айтады. Мағынасы: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді!

Пайғамбарымыз  осылай айтқан кісіні күнәлары теңіздің көбігіндей көп болса да, кешірілетінімен сүйіншілеген (Муслим, 597).

Аятүл Күрси (273-бетті қараңыз)

Муғаууизат (Ықылас, Фәлақ және Нас) сүрелері (274-275 беттерді қараңыз).

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі