You are here

Ер кісімен қарым-қатынас жасауларына байланысты әйелдердің түрлері

×

Error message

Deprecated function: Function create_function() is deprecated in views_php_handler_field->pre_render() (line 202 of /var/www/drupal7-websites/sites/all/modules/contrib/views_php/plugins/views/views_php_handler_field.inc).

Ислам ер кісінің өзіне бөтен әйелмен қарым-қатынасын реттейтін бірнеше ережелерді белгілеген

Әйелдердің ер кісімен араласуына қарай үш түрлі жағдайы болады:

  1. Әйелдің ер кісіге жар болуы:

Ер кісі әйеліне өз қалауынша қарап, онымен керегінше ләззәттана алады. Сол секілді әйел кісі де күйеуімен қалағанынша сауық құрады. Аллаһ Тағала олардың ішкі жан дүниесінің жақындығы мен тән жақындықтарының, бір-біріне деген іңкәр сезімдерінің керемет бейнесі ретінде ерді әйелінің киімі, ал әйелді күйеуінің киімі деп атады: «...олар сендерге киім, сендер де оларға киім (іспетті) сіңдер...» (Бақара, 2/187).

  1. Әйелдің ер кісіге бөгде адам болуы

Ер кісіге өзі махрамы болатын әйелдерден басқа барлық әйелдер бөгде саналады. Олардың қатарына туысы болып келетін немере аға-әпкелерінің қыздары, нағашы аға-әпкелерінің қыздары, бауырының әйелі, әулет жақындары сияқты немесе ешқандай туыстығы, әулеттік жақындығы жоқ әйелдердің барлығы кіреді.

Ислам ер кісінің бөгде әйелдермен қарым-қатынасқа түсуін реттеп, бақылауда ұстайтын тиісті ережелер мен нормалар қойды. Мақсат - шайтанның азғыру есіктеріне тосқауыл қойып, адамның діттеген жолынан таймауы. Жаратушы Хақ Тағала, әлбетте, адамға ненің дұрыс, ненің бұрыс болатынын бәрінен жақсы білуші: «Жаратқан Аллаһ Өзі білмей ме? Ол – барлық нәрселердің нәзік тұстарын Білуші (әл-Ләтыйф), бәрінен Хабардар (әл-Хабир)» (Мүлк, 30/14).

  1. Әйелдің ер кісіге махрам болуы

Мұндағы махрам деп ер кісіге үйленуге мүлдем болмайтын әйелдерді атаймыз. Махрамға жататындар төмендегілер:

------ 1

Туған анасы, әкесі мен анасы жақтан болған әжелері, яғни әкесінің анасы мен анасының анасы және олардан да жоғары әжелер;

2 Туған қызы, ұлының немесе қызының қызы және олардан да төмен қыздары (яғни, немере, немене ...қыздары);
3 Туған әпке-қарындасы, әкесі бір немесе анасы бір әпке-қарындастары;
4 Туған немере апайы, яғни әкесінің туған немесе әкесі яки анасы бір әпке-қарындастары. Бұған әкесінің немере апайы мен анасының немере апайы да жатады, және олардан да жоғары немере апайлар.
5 Туған нағашы апайы, яғни анасының туған немесе әкесі бір не анасы бір апа-сіңлілері. Бұған әкесінің немесе анасының нағашы апайлары да кіреді. Және олардан жоғары нағашы апайлар.
6 Туған бауырының қызы және әкесі немесе анасы бір болған бауырларының қызы, одан әрі түссе бауырының баласының қызы;
7 Туған әпке-қарындастарының қызы және әкесі немесе анасы бір болған әпке-қарындастарының қызы, одан әрі түссе әпке-қарындастарының қыздарының қызы; 
------ 8 Әйелінің анасы, әйелі онымен бірге болса да, талақ беріп ажырасқан болса да, әйелінің анасы кез-келген жағдайда махрам, сондай-ақ әйелінің анасының анасы;
9 Өгей қызы, яғни әйелінің бұрынғы күйеуінен тапқан қызы;
10 Келіні, ұлының баласының (немересінің) әйелі, қызының баласының әйелі; 
11 Қанша жоғары болса да, әкесінің, өз атасы мен нағашы аталарының әйелдері;
------ 12

Сүт анасы; Сүт анасы деп туылғаннан кейінгі алғашқы екі жылда кемі бес рет тойдырып еміздірген әйелді айтады. Ислам әйелге баланы емізгені үшін, өз туғаны болмаса да, оған ана құқығын берді;

13

Сүт әпкесі немесе қарындасы. Ол дегеніміз – емізген әйелдің қызы. Сондай-ақ, барлық сүт туыстары: немере әпкесі, нағашы әпкесі, бауырының қызы мен әпкесінің қызы тектік жақындықтарына байланысты махрам болады.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі