You are here

Қажылықтың мағынасы

×

Error message

Deprecated function: Function create_function() is deprecated in views_php_handler_field->pre_render() (line 202 of /var/www/drupal7-websites/sites/all/modules/contrib/views_php/plugins/views/views_php_handler_field.inc).

«Қажылық» (әл-хажж) дегеніміз –  «шариғатта белгіленген амалдарды өтеу мақсатымен Аллаһтың қасиетті Үйіне бару». «Шариғатта белгіленген амалдар» - әл-манасик деп ихрам, Кәғбаны жеті рет тауаф ету, Сафа мен Мәруа деген екі төбешіктің арасында жеті рет жүру, Арафатта тұру, Минадағы жамараттарға тас ату және т.б. с.с. Пайғамбарымыздан  жеткен істер мен сөздерді айтады.

Қажылықта адамдар үшін зор пайдалар бар. Мысалы, Аллаһтың бір екенін жариялау, қажылардың ұлы кешірімге ие болуы, мұсылмандардың бір-бірімен танысуы, діни үкімдерді үйренуі және т.б. пайдалар.

Қажылық уақыты:

Қажылықтың негізгі амалдарын орындау зұл-хижжа айының сегізі мен он үші аралығына келеді. Зұл-хижжа – мұсылманша есеппен жылдың он екінші айы.

Қажылық кімге уәжіп?

Қажылық уәжіп болуы үшін адам мұсылман, мүкәллаф және шамасы жеткен болу керек. Жоғарыда айтқанымыздай, мүкәллаф деп ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткенді айтады.

Шама жеткендіктің (әл-иститаъа) мағынасы:

Меккеге дұрыс және заңды жолдармен жете алуы, қажылық амалдарын жасаған кезде, әдеттегі сапар машақатынан тыс қиналмауы, жаны мен мал-мүлкіне қауіп төнбеуі, қажылыққа жұмсалған қаражаттың өзінің негізгі және отбасының қажеттіліктерінен асуы.

Мұсылманның қажылық жасау мүмкіндігіне ие болған жағдайлар

  1. Бір кісінің қажылыққа өзі бара алуы. Яғни, әл-Харам мешітіне әдеттегіден тыс қиналмай жетуге шамасы бар, осыған жеткілікті қаражатқа ие болса, ол қажылық парызын өзі өтеуге міндетті.
  2. Қажылықты өзі жасай алмай, біреуге жасатуға шамасы жетсе. Бұл дегеніміз –бір адамның науқастығы не қарттығы себепті баруға жарамай, орнына өзі үшін қажылықты өтеп беретін адамды тапса, әрі оны қажылыққа жіберуге жеткілікті малы болса, ол өз орнына қажылықты өтеушіге мал жұмсауға міндетті.
  3. Өзі де бара алмаса және өз орнына басқаны да жібере алмаса, ол кісіге жағдайы болмағандығы үшін, қажылық парыз емес. Мысалы, бір адамның өзінің және отбасының қажеттіліктерінен артып, қажылық өтеуге жететін малы болмауы сияқты. Қажылықты өтеу үшін, ақша жинау міндетті емес. Қай кезде адамда қажылыққа баруға мүмкіндік пайда болса, сол кезде оған қажылық парыз болады.

Әйел үшін махрамының болуы

Әйелдерге қажылық уәжіп болуы үшін, олардың махрамының болуы шарт етіледі. Әйелдің өзімен бірге қажылыққа баратын күйеуі немесе әкесі, атасы, ұлы, немересі, аға-інісі, олардың ұлдары, әкесінің туған аға-інілері және шешесінің туған аға-інілері сияқты үйленуі мәңгі тыйым салынған туысы болмаса, оған қажылық парыз емес. (248 бетті қараңыз)

Егер де әйел махрамы болмай, бірақ қауіпсіз жолдармен қажылыққа барса, қажылығы дұрыс әрі өтелген болып есептеледі.

Қажылықтың артықшылықтары

Қажылықтың артықшылығы мен пайдаларына қатысты көптеген хадистер келген:

  1. Қажылық – ең абзал амалдардың бірі. Пайғамбар : «Ең абзал амал қайсы?» – деп сұралғанда: «Аллаһқа және Оның елшісіне иман келтіру», – деп жауап берген. «Одан кейін қайсысы?» – дегенде: «Аллаһ жолындағы жиһад», – деді. «Ал одан кейін ше?» – дегенде: «Қабыл болған қажылық», – деп жауап берген (әл-Бұхари, 1447; Муслим, 83).
  2. Қажылық – Аллаһтың  кешіріміне ие болудың маусымы. Аллаһ елшісі : «Кімде-кім қажылық жасап, ұятсыз нәрселер істемесе және күнә жасамаса, анасы туған күніндегідей болып қайтады», – деген (әл-Бұхари, 1449; Муслим, 1350). Яғни, дүниеге келген күні күнәдан қандай таза болса, қажылықтан да дәл сондай күнәдан арылған болып қайтады.
  3. Қажылық – тозақтан құтылудың ең тиімді сәті. Пайғамбар : «Арафа күнінен артық Аллаһ тозақтан ең көп адамды азат ететін күн жоқ», – деген (Муслим, 1348).
  4. Қажылықтың сыйы – Жәннат. Пайғамбар : «Қабыл болған қажылықтың Жәннаттан басқа сыйы жоқ», – деген (әл-Бұхари, 1683; Муслим, 1349).

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі