You are here

Мәдина Мұнауураны зиярат ету

×

Error message

Deprecated function: Function create_function() is deprecated in views_php_handler_field->pre_render() (line 202 of /var/www/drupal7-websites/sites/all/modules/contrib/views_php/plugins/views/views_php_handler_field.inc).

Мәдина Мұнауурада зиярат жасалатын орындар. 

Мәдинаға келген адамның мақсаты Пайғамбар  мешітін зиярат ету және онда намаз оқуы тиіс. Егер оған Мәдинаға келу нәсіп болса, ол келесі жерлерді зиярат ете алады:

  1. Қасиетті Раудада намаз оқу. «Рауда»—Пайғамбар мешітінің алдыңғы жағында, Пайғамбарымыздың үйі мен мінбері арасында орналасқан жер. Ол жерде оқылған намаздың сауабы өте көп. Пайғамбар : «Үйім мен мінберімнің арасы – Жәннат бақшаларының бір бақшасы», – деген (әл-Бұхари, 1137; Муслим, 1390).
  1. Аллаһ елшісіне  сәлем беру. Пайғамбардың  қабіріне қарай барып, оның алдына барып тұрады. Қыбла оның артында қалады. Одан соң әдеппен және бәсең дауыспен: «Әссәләму ъаләйка я Расулаллаһ уа рахматуллаһи уа бәракатуһ. Әшһәду әннәка қад бәллағтар-рисаләһ уә әддейтәл-әмана уә насахтал-умма уә жәһадта филләһи хаққа жиһадиһи. Фәжәзакаллаһу ъан уммәтика әфдала мә жәза нәбийән ъан умматиһи» 

Мағынасы: «Саған сәлем, Аллаһтың рахметі және берекесі болсын, уа, Аллаһ елшісі! Сенің пайғамбарлық міндетті толық атқарғаныңа, аманатты өтегеніңе, үмметке адал болғаныңа және Аллаһ үшін шынымен жиһад қылғаныңа куә боламын. Аллаһ саған бір пайғамбарға үмметі атынан берген сыйлығынан саған өз үмметің атынан одан да жақсы сый берсін!»

Пайғамбар : «Кімде-кім маған сәлем берсе, оған сәлемін қайтаруым үшін, Аллаһ маған рухымды қайтарады», – деген (Әбу Дауд, 2041).

Кейін Пайғамбарымыздың  орынбасары, сахабалардың ең абзалы Әбу Бәкірге (Аллаһ одан разы болсын) сәлем беру үшін оң жаққа жүреді. 
Одан соң, Пайғамбарымыздың  екінші орынбасары, сахабалардың Әбу Бәкірден соң ең абзалы Омарға (Аллаһ одан разы болсын) сәлем беру үшін тағы оңға қарай жүреді. 
Адамзаттың абзалы болған Аллаһ елшісі  ешкімге пайда не зиян келтіре алмайды. Сондықтан одан бір нәрсе тілеуге, көмек сұрауға болмайды. Керісінше, құлшылықтың барлық түрлері серігі жоқ Бір Аллаһқа ғана арналады.

  1. Қуба мешітін зиярат ету: Қуба мешіті–Ислам тарихында Пайғамбар мешітінен де бұрын салынған ең алғашқы мешіт. Мединеге жолы түскендер үшін осы мешітті зиярат ету мұстахаб амалдарына жатады. Өйткені Аллаһтың елшісі  бұл мешітті зиярат етіп тұратын. Ол : «Кімде-кім үйінен дәрет алып, Қуба мешітіне келсе және онда намаз оқыса, оған умраның сауабындай сауап беріледі», – деген (Ибн Мәжаһ,1412).

  1. Әл-Бақиғ зиратын зиярат ету. Бұл зиратта көптеген сахабалар жерленген. Аллаһтың елшісі  әл-Бақиғты зиярат етіп, осында жатқандарға дұға жасайтын. Сондықтан, бір мұсылман Мәдинаға келсе, осы зиратта болып, ондағы мәйіттерге дұға жасау және оларға Пайғамбарымыздан  келген дұғаларды айту өте құпталған амал болып табылады. Айша (рғһа) әл-Бақиғқа барған кезде айтылатын дұға туралы сұрағанда, Пайғамбарымыз : «Осы жерде жатқан мүминдер мен мұсылмандарға сәлем! Аллаһ бізден ілгері өткендер мен кейін келетіндерге рахым етсін. Расында, біз, Аллаһ қаласа, сендерге қосыламыз», – деп айт», – деген. (Муслим, 974).

Әрбір мұсылман қабірді сипау немесе оны тәбәрік ету секілді бидғаттардан сақтанған жөн. Егер онда бірер жақсылық болса, оны бізден бұрын сахабалар мен табиғиндер жасайтын еді. Өлілер ешбір пайда не зиян тигізу мүмкіндігіне иелік етпейді, сондықтан олардан бір нәрсе тілеуге, оларға жалбарынуға болмайды. Барлық дұғалар аспандар мен жердің Иесі Аллаһ Тағаладан тіленеді. Аллаһ Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Қашан олар сенен Мен туралы сұраса, Мен, әлбетте, жақынмын. Дұға жасағанның дұғасын дұға жасаған сәтте қабыл етем. Сондықтан, тура жолмен жүру үшін олар Маған жауап берсін және Маған сенсін», – деген (Бақара, 2/186).

  1. «Шуһадаи Ухуд» зиратын зиярат ету. Бұл – Ухуд тауының қасында өткен шайқаста қаза тапқан шәһидтердің зираты. Бұл шайқаста бір қатар сахаба шаһид болып жерленген. Солардың ішінде Хамза ибн Мутталиб пен Мусғаб ибн Умайр (Аллаһ олардың барлығынан да разы болсын). Аллаһтың елшісі  оларды зиярат етіп, олардың хақына дұға жасайтын. 

Мединеге келушілерге Ухуд зиратын зиярат ету – бекітілген амалдар қатарына жатады. Алайда, олар Ухуд тауына немесе садақшылар тауына шығуға міндетті емес. Бірақ келушілерге Ухуд шайқасын еске алуға, онда болған жағдайларды баяндап берудің ешбір сөкеттігі жоқ.

«Шуһада» зираты. Бұл жерде жетпіс сахаба жерленген. Зираттың артынан Ухуд тауы көрініп тұр.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі