You are here

Мәдина Мұнауураны зиярат ету

×

Error message

Deprecated function: Function create_function() is deprecated in views_php_handler_field->pre_render() (line 202 of /var/www/drupal7-websites/sites/all/modules/contrib/views_php/plugins/views/views_php_handler_field.inc).

Мәдина Мунаууараның қадір қасиеті Пайғамбарымыздың  көшіп келуімен арта түсті. Осылай ол Меккеден кейін жер бетіндегі ең абзал орынға айналды. Сондықтан Мәдинаны зиярат ету кез келген уақытта бекітілген, қажылық парызына қатысы жоқ амал болып табылады. Пайғамбарымыз : «Үш мешіттен басқа жерге (құлшылық мақсатымен) жолға шықпайды. Олар: әл-Харам мешіті, менің мына мешітім және әл-Ақса мешіті» (әл-Бұхари, 1139; Муслим, 1397; Әбу Дауд, 2033).

Мәдина қаласының артықшылықтары

Мәдина қаласының көптеген артықшылықтары бар: 

  1. Ол жерде Пайғамбар  мешітінің болуы:

Пайғамбарымыздың  Мәдинаға көшіп келген кезде, ең алдымен жасағаны – білім беру, дағуат жасау және адамдарға жақсылық таратудың  орталығына айналған Шарапатты Пайғамбар мешітін тұрғызуы еді. Ол : «Осы мешітімде оқылған намаз әл-Харам мешітінен басқа жерде оқылған мың намаздан абзал», – деген (әл-Бұхари, 1133; Муслим, 1394).

  1. Ол – қасиетті де қауіпсіз мекен

Пайғамбарымыз  оны Аллаһтың уахиімен қасиетті деп жариялады. Сондықтан ол жерде қан төгуге, қару көтеруге, біреуді қорқытуға, ағаштарын жұлуға және басқа тыйым салынған нәрселерді жасауға болмайды. Пайғамбар : «Оның шөбі жұлынбайды, аң үркітілмейді, басқаларға білдіру үшін болмаса, біреудің жоғалтқан нәрсесі көтерілмейді, малға ем беру үшін болмаса, өсімдіктері шабылмайды әрі онда соғысу үшін қару көтерілмейді» –деген (әл-Бұхари, 1736; Әбу Дауд, 2035; Ахмад, 959).

  1. Оның ризықтары мен жемістерінде, жайлы өмір сүруде береке бар.

Пайғамбар :«Я, Аллаһ! Оны жемістерін бізге берекелі еткейсің. Бізге Мәдинаны берекелі еткейсің. Біздің муддіміз бен сағымызды (салмақ өлшемдері) берекелі ет. Я, Аллаһ! Расында, Ибраһим сенің құлың, халилің әрі пайғамбарың. Мен де сенің құлың әрі пайғамбарыңмын. Расында ол Меккеге дұға етті, ал мен Мәдинаға ол Меккеге дұға еткендей және дәл сондай етіп (яғни, екі есе) дұға етемін», – деген (Муслим, 1373).

  1. Аллаһ Тағала оны оба ауруы және Дәжжалдан қорғап қойған.

Пайғамбар  айтты: «Мәдинаның кіре беріс қапталдарында періштелер тұрады. Оған оба да, Дәжжал да кірмейді» (әл-Бұхари, 1781; Муслим, 1379).

  1. Мәдина тұрғындарының, онда өмір сүру және қайтыс болудың артықшылығы

Пайғамбарымыз  Мәдинада өмір сүріп, ондағы қиыншылық пен таршылыққа сабыр еткендерге Қиямет күні шапағат ететінін уәде қылды. Сағд ибн Әби Уаққастан (р.ғ) жеткен хадисте Пайғамбарымыз: «Егер білсе, оларға Мәдина қайырлы еді. Қайсыбіреу (Мадинаны, онда тұруды) қаламай тастап шықса, Аллаһ міндетті түрде оның орнына (Мәдинаға) одан да жақсы біреуді әкеледі. Ал кім оның қиыншылығы мен ауыртпашылығына шыдаса, мен оған Қиямет күні шапағатшы немесе куә боламын», – деген (Муслим, 1363).

Cондай-ақ Аллаһтың елшісі : «Кімде-кім Мәдинада өлуге мүмкідігі болса, сонда өлсін. Өйткені мен ол жерде қайтыс болғандарға шапағат етемін», – деген (әт-Тирмизи, 3917; Ибн Мәжаһ, 3112).

  1. Мәдина – иман қорғаны. Ол жамандық пен бұзықты сыртқа шығарады.

Иман басқа елдерде қаншa қысымға ұшыраса да, Мәдинаға жиналады. Бұзықтар мен нашар адамдар Мәдинада ұзақ өмір сүре алмайды. Аллаһтың елшісі : «Расында, иман Мәдинаға қайтып тұрақтайды, жылан өз ініне қайтып тұрақтағандай» (әл-Бұхари, 1777; Муслим, 147); «Жаным қолында болғанмен ант етем, бір адам одан  (Мәдинадан) өз еркімен шығып кетсе, Аллаһ оны одан да жақсы біреумен алмастырады. Біліп қойыңдар! Мәдина қаласы темірдің татын кетіретін ұстаның көрігіндей. Көрік темірдің татын кетіргендей, Мәдина жаман адамдарын кетірмейінше, Қиямет сағаты орнамайды», – деген (Муслим, 1382).

  1. Мәдина күнәлар мен жамандықтарды аластайды

Зейд ибн Сәбиттен (Аллаһ одан разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз : «Расында, ол —Мәдина – Тайиба (қаласы). От күмістің татын кетіргендей, ол күнәларды аластайды»,  -деген

Пайғамбарымыз  Мәдина қаласында қайтыс болып, Айшаның (Аллаһ одан разы болсын) үйінде жерленген

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі