You are here

Қажылықтың мақсаттары

×

Error message

Deprecated function: Function create_function() is deprecated in views_php_handler_field->pre_render() (line 202 of /var/www/drupal7-websites/sites/all/modules/contrib/views_php/plugins/views/views_php_handler_field.inc).

Қажылықтың жеке адамға және қоғамға пайдалы бірнеше мақсаты бар. Аллаһ Тағала қажылардың Жаратушыға жақындауын көздеп, қандай мал шалуға тиіс екенін айтып болған соң: «Аллаһқа сойылған малдардың еті де, қаны да жете алмайды. Бірақ Оған сендерден болған тақуалық жетеді», – деген (Хаж, 22/37). Пайғамбар : «Үйді тауаф ету, Сафа мен Мәруа арасында жүру және жәмараттарға тас ату Аллаһты еске алуды орнату үшін бекітілген», – деген (Әбу Дауд, 1888).

Cол мақсаттардың кейбіріне тоқталсақ:

  1. Аллаһқа көнгенін әрі Оған беріле бойсұнуды паш ету:

Өйткені қажылықты өтеуші адам өзін рахатқа бөлейтін нәрселер мен зейнеттерден бас тартып, Раббысына деген мұқтаждығын көрсетіп, ихрам киімін киеді. Сонымен бірге, ол өзін Раббысымен жеке қалуынан бұратын дүние және оның тірліктерінен баз кешеді. Осылай ол Раббысының кешірімі мен мейіріміне ұмтылып, Оған жалбарынып, Оған мақтаулар айтып, игіліктері мен кеңшіліктері үшін шүкір етіп, қате-кемшіліктері үшін кешірім сұрайды.

Қажылық - имандылық сапары. Қажылықта құл Аллаһқа деген бойұсынушылығы мен мұқтаждығын көрсетеді және тақуалық пен құлшылықтың мәнісін іске асырады. Қажылық үкімдерін оқып үйрену мұсылманды Аллаһ міндеттемеген көптеген қиындықтардан алыстатады

  1. Нығметтер үшін шүкір ету

Қажылық парызын өтегенде, Аллаһқа шүкір етудің екі түрі орын алады: мал-дәулет үшін шүкір ету және денсаулық үшін шүкір ету. Екі нәрсе де адам баласына бұл дүниеде берілетін игіліктердің ең үлкендері болып табылады. Қажылықта осы екі игілікке шүкір ету жүзеге асады. Бір жағынан, мұсылман жаны мен тәнін Аллаһқа бағындырса, екінші жағынан, тапқан малын Аллаһ Тағалаға бойсұнуға, Оған жақындай түсуге жұмсайды. Аллаһқа шүкір етудің міндетті амал екеніне ешкім де шәк келтірмейді. Мұны ақыл да мойындайды, шариғат та міндеттейді.

  1. Мұсылмандардың жиналуы:

Қажылық кезінде мұсылмандар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, бір-бірімен танысады, бір-бірімен байланыс орнатады. Бұл кезде адамдардың арасындағы айырмашылық көрінбей қалады: мысалы, байлық пен кедейшіліктің айырмашылығы, ұлт, нәсіл және тіл айырмашылығы өзімен өзі жоқ болып кетеді. Адамдар бас қосатын жиындардың ең үлкені болып саналатын бұл тұста мұсылмандар арасында ізгілік пен тақуалық, бір-біріне ақиқатты ұстану және сабырлы болу өсиетіне ауызбіршілік орнайды. Оның ұлы мақсаты бар. Ол өмір себептерін аспан себептерімен байланыстыру болып табылады.

  1. Ахиретті еске түсіру

Қажылық мұсылманға Раббысымен жолығатын күнді есіне салады. Қажылықты өтеуші адам ихрам киіп, тәлбия айтқанда және Арафатта тұрғанда адамдардың барлығы бірдей кебінге ұқсас киімдер кигенін көреді. Осы сәтте оның ойына өлгенінен кейін болатын жағдайлар келеді. Сондықтан ол Раббысымен жолығудың алдында азық жинауға үндейді.

  1. Аллаһтың Бір екенін сөзбен және іспен көрсету

Қажылардың ұраны - «Ләббәйкал-лаһумма ләббәйк, ләббәйкә лә шәрика ләка ләббәйк. Иннәл-хамда уән-ниъмата ләка уәл-мулк. Лә шәрика ләк» деп айтылатын тәлбия сөздері. Осыған байланысты сахабалардың бірі Пайғамбарымыздың  тәлбия айтқанын «Таухидті аузына алды» немесе «Таухидті жариялады» деп сипаттаған  (Муслим, 1218). Таухид белгілері қажылықтың әрбір ісі мен әрбір сөзінде айқын көрініп тұрады.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі