You are here

Болмыстағы ең ұлы игілік

quran and islamic books

Аллаһ Тағала адам баласына сансыз игіліктерді тарту етті. Әрқайсымыз Аллаһтың нығметтері мен кеңшілігін қызықтап келе жатырмыз. Аллаһ Тағала талай адамдарды мақұрым қалдырған есту және көру қабілетін бізге нәсіп етті. Ол бізге ақыл, денсаулық, мал-дәулет пен бала-шаға беріп, керек десеңіз, бүкіл әлемді, ондағы Күн, аспан, жер және барша жаратылыстарды бізге қызмет етуге арнады. «Аллаһтың игіліктерін санай берсең, есебіне жетпейсің» (Нәхл, 16/18).

Бірақ бұл игіліктер қысқа өміріміздің аяқталуымен таусылып қалады. Алайда дүниеде бақыт пен тыныштықты пайда етіп, нәтижесі Ахиретке дейін жалғасып тұратын бірегей нығмет—Ислам жолына түсу, яғни мұсылман болу нығметі. Ол—Аллаһтың пенделерге берген нығметтерінің ең үлкені. 

Сондықтан Аллаһ Тағала осы нығметтің басқасынан гөрі аса мәртебелі екенін көрсетіп, оны Өзіне тіркеп: «Бүгін сендерге діндеріңді кемелдікке жеткізіп, сендерге нығметімді тәмамдадым және сендерге діндерің Ислам болғанын қоштадым»,—деген (Мәида, 5/3).

Адамды қараңғылықтардан жарыққа шығарып, жаратылуының негізгі себебі болған мақсаты әрі міндеті—құлшылықты атқарып, дүниедегі бақыт пен Ахыреттегі сауапқа қол жеткізсін деп, Өзі разы болатын нәрсеге бастауынан артық қандай нығмет бар? Бізді іріктеп, барлық пайғамбарларды (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) жіберуінің басты себебі болған «Лә иләһа иллә Аллаһ» кәлимасын көтеріп, адамдарға шығарылған ең қайырлы үммет болуымыз үшін таңдауынан асқан нығмет бар ма?

Кейбір надандар мұсылман болғаны үшін, өздерін артық санап, соны Пайғамбарымызға  міндетсінген кезде, Аллаһ оларға артықшылық беру және міндетсіну оларды осы дінге түсуді жеңілдеткен Өзіне тән екенін ескертіп: «(Ей, Мұхаммед!) Оларға: «Мұсылман болғандарыңды маған міндетсінбеңдер. Керісінше, егер шыншыл болсаңдар, сендерді иманға бастағаны үшін сендерге Аллаһ міндетсиді», - де»,—деді (Хужурат, 49/17). Аллаһ Тағаланың көптеген нығметтері бар. Әйтсе де, Аллаһ бізге міндетсіп атап өткен бір-ақ нығметі бар. Ол—Ислам нығметі және Өзіне құлшылық жасауға әрі Оны бірлеуге бастап, һидаят етуі. Дегенмен, Аллаһ Тағала: «Шүкір етсеңдер, арттырамын» демекші (Ибраһим, 14/7), бұл нығмет қалып, тұрақтауы және артуы үшін шүкір етуімізді талап етеді.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі