You are here

Қажылықтың сипаттамасы

×

Error message

Deprecated function: Function create_function() is deprecated in views_php_handler_field->pre_render() (line 202 of /var/www/drupal7-websites/sites/all/modules/contrib/views_php/plugins/views/views_php_handler_field.inc).

  1. Қажылық жасауды қалаған адам зұл-хижжа айының 8-і күні Меккеде ихрамға кіріп, жүрегімен қажылық өтеуді ниет етеді де, тілімен: «Ләббайкал-лаһумма хажжан» – деп айтады.  Одан Бір Аллаһқа құлшылық жасайтынын, Оған ғана бойсұнып, бұйрығын орындауға әзір екенін жәриялап: «Ләббәйкал-лаһумма ләббәйк, ләббәйкә лә шәрика ләка ләббәйк. Иннәл-хамда уән-ниъмата ләка уәл-мулк. Лә шәрика ләк», - деп тәлбия сөздерін айтады.

Ихрам киімін кию және ихрам кезінде тыйым салынған нәрселерден аулақ болып, ихрамнан шыққанша, төменде көрсетілгендерді (ихрамда тыйым салынған нәрселер) жасауға тыйым салынады.

  1. Зұлхижжа айының 8-і күні ихрамға кіріп, сәске кезінде Минаға барады. Ол жерде күні бойы болып, түнейді де, бесін, екінті, ақшам, құптан және таң намазын оқиды. Әр намаз өз уақытында, бір-біріне қосылмайды, алайда төрт ракағатты намаз екі ракағат болып қысқартылады.
  2. Зұлхижжа айының 9-ы күні күн шыққан соң, Арафатқа барып, ол жерде бесін мен екінтіні бір азан, екі қаматпен қосып оқиды да, кешке дейін Аллаһқа дұға жасап, жалбарынып, тілектерін тілеп тұрады. Бұл – қажылықтың ең ұлы сәті. Пайғамбар  Аллаһ Тағала Арафатта тұрып, Оған шын ықыласымен беріле дұға жасағандармен періштелер алдында мақтанатынын, тіпті: «Бұлар Менің шашы қолбырап, үсті шаң болып келген құлдарым, оларды кешіргеніме сендерді куә еттім» деп айтатынын хабарлаған (Ахмад, 7089). 
  3. Күн батқаннан соң, асықпай Арафаттан шығып, Муздалифаға барады да, ол жерде ақшам мен құптанды қосып оқиды. Мұздалифада түнеп, таң намазын оқиды және сүннет бойынша жарық болып, күн шыққанға дейін, Аллаһты зікір етіп (еске алып), дұға жасайды. Әйелдер, әлсіздер, қарттар және соларды ертушілер Муздалифадан түнде шығып кетсе де болады.
  4. Күн шықпастан алдын Муздалифадан Минаға қайтып барады. Айт күні оған келесі амалдарды жасау керек:

  • Минадағы үлкен жәмаратқа жеті тас ату, әр тасты атқанда тәкбир айту. Бұл жерде шайтан Ибраһимге (оған Аллаһтың сәлемі болсын) жолыққан еді. Ибраһим оған жеті тас атты. Бұл амалды Аллаһ Тағала бізге де бекітті. Сондықтан Аллаһқа құлшылық ретінде Оның бұйрығына бойсұнып, осыны жасаған Пайғамбарымызға  еліктеп, біз де тас атамыз және бұл арқылы нәпсімізге шайтанға және өзіміз бен таңдауымыздағы ауытқуға қарсы тұруына қолдау көрсетеміз.
  • Айт күні және одан кейінгі үш күнде Минада немесе Меккеде «һәди» құрбандығын шалады. Оны өзі жеп, басқаларға сыйлайды және садақа етіп таратады. Егер құрбандық шалатын қаражаты болмаса, қажылықта үш күн, еліне қайтып барғаннан кейін, тағы жеті күн ораза ұстайды. Қажы құрбандық шалуды және оны мұқтаждарға таратуды сенімді ұйымдарға тапсыра алады.
  • Шашты қыру немесе қысқарту. Осылай ол ихрамнан шыққан болады. Мұны «әт-тахаллул әл-әууәл» деп айтады. Демек, оған әйеліне жақындаудан басқа тыйым салынған барлық нәрселер рұқсат етіледі.
  • Одан соң қажылық немесе парыз тауафын жасау үшін Меккеге барып, Кәғбаны жеті рет айналады. Қажылықтың рүкіні болған бұл тауафты «Тауаф әл-ифада» деп айтады. Бұдан кейін Сафа мен Мәруа арасында жүріп, қажылықтың сағиін жасайды. Тауаф әл-ифададан кейін ол ихрамнан толық шығып, оған тыйым салынған нәрселердің барлығы, тіпті әйелімен қосылу да рұқсат етіледі. Айт күні тауаф жасауға қиналғандар оны келесі күндерге қалдырса да болады.
  1. Одан соң Минаға қайтып барып, асыққандар екі түн, асықпағандар үш түн қонады. Бұл күндері қажылар күн төбеден ауғаннан кейін, үш жамаратқа: Меккеден алысырақ болған кішісіне, одан соң ортаңғысына, ал одан кейін айт күні тас атқан үлкеніне тас атады.
  2. Меккеден қайтуды қалағандар жолға шықпастан бұрын Қасиетті Кәғбаны айналу амалдарының соңы болуы үшін, «Қоштасу тауафын» жасайды. Бұл тауаф хайызы келген әйелге міндетті болмайды.

Ихрамда тыйым салынған нәрселер (махзурат әл-ихрам):

  1. Шашты алу немесе қысқарту. Сол сияқты тырнақты алу.
  2. Денесіне және ихрамға иіс су не әтір себу.
  3. Жыныстық қатынас, ер адамның өз әйеліне шәһуатпен қол тигізуі. 
  4. Ер немесе әйелге ихрам кезінде неке келісім-шартын жасау.
  5. Аң аулау. Ихрам кезінде құстар мен құрлық аңдарын аулауға болмайды.
  6. Ерлерге қатысты тыйымдар:
  • Жейде, көйлек, шалбар секілді дене мүшелерін ажыратып көрсететін (дене мүшелерінің қалыбы бойынша) тігілген киімдерді кию.
  • Тақия секілді басқа нық тұрып, оны жабатын баскиім кию. Алайда ғимарат немесе көлік астында отыру, қолшатыр қолдануға болады.
  1. Әйелдерге қатысты тыйымдар:
  • Ниқаб (бетперде) кию және беттің жабық болуы. Негізінде, ихрам кезінде бет ашық болады. Қасынан махрам емес, бөгде еркектер өткенде ғана бет жабылады. Бұл жағдайда бетперденің бетке тиюінің оқасы жоқ. 
  • Қолғап кию

Осы тыйымдардың бірін ұмытып, білмей немесе біреу мәжбүрлеп істесе, бұл үшін еш күнә жазылмайды. Аллаһ Тағала былай деген: «Сендерге қателесіп айтқандарыңның оқасы жоқ. Бірақ жүректеріңнің оқталғаны үшін, күнәһар боласыңдар» (Әхзаб, 45/5). Алайда есіне түскен сәтте, дереу одан арылу керек.

مسجد الخيف ، وتظهر خيام الحجاج بمنى.

Умра

«Умра» деп ихрам, Кәғбаны жеті рет айналу, Сафа мен Мәруа арасында жеті рет жүру, одан соң шашты алу немесе қысқартудан тұратын Аллаһқа арналған құлшылықты айтады.

 Үкімі: шамасы келгендерге  умра жасау бекітілген сүннет, ал оны қайталап тұру мустахаб амалы болып табылады. 

Уақыты: умра жылдың кез келген мезгілінде жасала береді. Алайда Рамазан айында жасалған умраның сауабы еселенеді. Өйткені Пайғамбарымыз : «Рамазан айындағы умра менімен бірге жасалған қажылықпен бірдей», – деген (әл-Бұхари, 1863).

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі