You are here

Мекке және әл-Харам мешітінің артықшылығы

×

Error message

Deprecated function: Function create_function() is deprecated in views_php_handler_field->pre_render() (line 202 of /var/www/drupal7-websites/sites/all/modules/contrib/views_php/plugins/views/views_php_handler_field.inc).

Әл-Харам мешіті Араб түбегінің батысындағы Қасиетті Мекке қаласында орналасқан. Бұл мешіттің Исламда көптеген артықшылықтары бар:

  1. Қасиетті Кәғба осы мешітте.

«Кәғба» – төрт бұрышты, шамамен, куб қалыбында тұрғызылған ғимарат. Ол әл-Харам мешітінің дәл ортасында орналасқан.

Ол – мұсылмандардың намазда және Аллаһ Тағала бұйырған басқа да ғибадаттарда бетін қарататын бағыты.

Оны Аллаһтың сүйікті досы – Халилі Ибраһим және оның ұлы Исмаил (екеуіне де Аллаһтың сәлемі болсын) Аллаһтың бұйрығымен тұрғызған еді. Одан кейін бірнеше рет қайта салынды.

Аллаһ Тағала: «Ибраһимнің және ұлы Исмаилдың Үйдің іргетасын көтергенін және «Раббымыз! Бізден қабыл ет. Расында, Сен бәрін Естуші, Көрушісің» дегенін еске ал», – деген (Бақара, 2/127).

Пайғамбарымыз да  кезінде меккелік ру-тайпалармен, олар Кәғбаны қайта тұрғызғанда, қара тастың орнатылуына қатысқан еді.

  1. Әл-Харам—жер бетінде көтерілген алғашқы мешіт:

Ардақты сахаба Әбу Зарр (Аллаһ одан разы болсын) бірде Пайғамбардан : «Я, Расулуллаһ! Жер бетінде ең бірінші болып қай мешіт тұрғызылды?» – деп сұрады. Ол : «Әл-Харам мешіті», - деді. Әбу Зарр: «Одан соң қайсы?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз : «Әл-Әқса мешіті», – деді. Әбу Зарр: «Ол екеуінің арасында қанша уақыт?» – деп және сұрағанда, Пайғамбар : «Қырық жыл. Бір жерде болып, намаз уақыты кірсе, намазды сол жерде оқы, оның кеңшілігі сонда», – деді  (әл-Бұхари, 3186; Муслим, 520).

  1. Ол мешітте оқыған намаз үшін сауаптың көбейтілуі.

Аллаһ елшісі  айтты: «Мына мешітімде – яғни, Медина мешітінде оқылған намаз – одан басқа мешітте оқылған мың намаздан абзал. Бірақ әл-Харам мешітінің жөні бөлек. Әл-Харам мешітінде оқылған намаз басқа жерде оқылған намаздан жүз мың есе абзал», – деген (Ибн Мәжаһ, 1406; Ахмад, 14694).

  1. Ол мешітті Аллаһ және Оның елшісі қасиетті деп бекіткен.

Аллаһ Тағала Өз елшісіне : «Оларға: «Мен осы ғана қаланың (Меккенің) Раббысына құлшылық жасауға бұйырылдым. Ол—осы қаланы харам (яғни, қасиетті) еткен Аллаһ. Барлық нәрсе Оныкі. Сондай-ақ маған мұсылмандардан болуға әмір етілді», – деп айт», – деп бұйырған (Нәмл, 27/91).

Демек, Аллаһ Тағала Меккеде қантөгісті, біреуге әділетсіздік етуді, аң аулауды, тіпті ағашы мен шөбін жұлуды тыйды.

Пайғамбар : «Меккені қасиетті еткен адамдар емес, оны Аллаһ Өзі қасиетті еткен. Сондықтан, Аллаһқа және Ахирет күніне иман келтірген адамға ол жерде қан төгуді не бірер ағашты сындыруына рұқсат етілмейді», – деген (әл-Бұхари, 104; Муслим, 1354).

  1. Ол – Аллаһтың және Оның елшісі Мұхаммедтің, саллаллаһу алейһи уә сәллам, ең сүйікті жері.

Сахабалардың бірі: «Мен Аллаһ елшісін  Хазура деген жерде көлігіне мінген күйі: «Аллаһпен ант етемін, сен Аллаһ жерінің ең жақсысысың, сен Аллаһ жерінің Аллаһқа ең сүйіктісісің, егер сенен шығарылмағанымда, шықпас едім», – деп айтып тұрғанын көрдім», – деген (әт-Тирмизи, 3925; ән-Нәсаи, «әс-Сунан әл-Кубра», 4252)

  1. Аллаһ Тағала жолға жарайтындарға осы Қасиетті Үйін қажылық етуді бұйырды.

Ибраһим (оған сәлем болсын) адамдарды қажылықты жасауға шақырды. Адамдар оның шақыруына жауап қатып, барлық жерлерден қажылықты өтеу үшін келді. Аллаһтың елшісі  xaбарлағандай, басқа да пайғамбарлар қажылыққа келген еді. Аллаһ Тағала Ибраһимге (оған сәлем болсын) бұйырғанын хабарлап: «Aдамдарды қажылыққа шақыр. Олар саған қарата жаяу және ұзақ жүргеннен арықтаған түйелер мініп, әрбір алыс жолдан келсін», – деген (Хаж, 23/27).

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі