You are here

Нәпіл намаз оқуға қайтарылған уақыттар

Нәпіл намаздарды шариғатта қайтарылған уақыттарынан басқа кез келген мезгілде оқуға болады. Бұл уақыттарда намаз оқуға қатысты салынған тыйым  кәпірлердің құлшылық рәсімдерінің уақытына сәйкес келуімен байланысты. Сондықтан осы уақыттарда парыз намаздардың қазасы мен «мешітке сәлем» секілді себебі бар намаздардан басқа намаздар оқылмайды. Бұл тыйым тек намаздарға ғана қатысты. Аллаһты зікір ету, дұға секілді құлшылықтар кез келген уақытта, кез келген жағдайда атқарыла береді.

Келесі уақыттарда намаз оқуға болмайды:

  1. Таң намазынан кейін күн шығып, шариғатта «найза бойы» деп аталатын мөлшерге дейін көтерілгенше. Әдетте, бұл уақыт күн шыққаннан жиырма минуттан кейін кіреді.
  2. Күн дәл төбеге шыққан кезде. Бұл бесін намазының алдында болады.
  3. Екінті намазынан кейін күн батқанша.

Исламда аср намазынан кейін күн батқанша намаз оқуға тыйым салынған.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі