You are here

Дін өмірдің барлық салаларын қамтиды

Ислам мұсылмандардың мешіттерде дұға жасап, намаз оқумен өтелетін рухани қажеттілік болумен шектелмейді.

Сонымен қатар ол дін өкілдері сенуге тиіс болған құр діни ұстанымдар емес. 

Ол жан-жақты жетілген экономикалық жүйе де емес.

Немесе қоғамды яки бір жүйені қалыптастыруға арналған ереже не қағида болумен де шектелмейді.

Cондай-ақ ол тек қана басқалармен қарым-қатынастарды реттеуші моральдық қасиеттер жиынтығы да емес.

Алайда Ислам діні—өмірдің барлық тұстарына арналған, жоғарыда айтылған және одан да басқа сипаттамаларды толық қамтыған өмір сүру салты.

Аллаһ Тағала мұсылмандарға осы нығметті жетілдірілген түрде тарту етіп, бізге осы толыққанды дінді қоштап, ұнатты. Мәида сүресінің 3-аятында: «Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім, игілігімді соңына жеткіздім және сендерге Исламды дін ретінде қош көрдім», - делінген.

Бір мүшрік Пайғамбарымызды  меңзеп, ардақты сахаба Сәлман әл-Фәрисиге (р.ғ.): «Достарың сендерге барлық нәрсені, тіпті кіші және үлкен дәретке отыру әдебіне дейін үйрете ме?»—деп мысқылдады. Сонда Сәлман: «Әрине, үйретеді»,—деп, осы мәселеге қатысты Ислам үкімдерін баяндап берді.           

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі