Жамағат намазы

Аллаһ Тағала ер кісілерге бес уақыт намазды жамағатпен оқуды бұйырды. Жамағатпен оқылған намазға үлкен сауап уәде етілген. Пайғамбарымыз : «Жамағат намазы – жеке оқыған намаздан жиырма жеті дәреже абзал», – деген (әл-Бұхари, 619; Муслим, 650).  

Жамағаттың ең азы – екі адам, яғни имам мен бір ұюшы. Жамағат көп болған сайын, Аллаһтың оларға деген махаббаты арта түседі.

Сахабалар намазды жамағатпен оқуға тырысатын. Олар жамағаттан ұзақ уақыт қалуды екі жүзділіктің белгісі деп есептейтін.

Имамға ұюдың мағынасы

Бұл дегеніміз – намазханның өз намазын имаммен байланыстырып, рукуғ пен сәждеде оған ілесуі және оқыған аяттарына құлақ асуы. Имамға ұйыған адам одан озбайды және қарама-қайшы нәрселер жасамайды. Керісінше, оның істегендерін артынан қайталайды. 

Пайғамбар : ««Имам адамдар оған ұйысын деп қойылған. Егер ол тәкбир алса, сендер де тәкбир алыңдар және ол тәкбир алмайынша, тәкбир алмаңдар. Егер ол рукуғқа барса, сендер де рукуғқа барыңдар, ол рукуғ жасамайынша, сендер де рукуғ жасамаңдар. Егер ол «самиъаллаһу лиман хамидаһ» десе, «Раббана уә ләкәл-хамд» деп айтыңдар. Егер ол сәждеге барса, сендер де сәждеге барыңдар, ол сәжде жасамайынша, сендер де сәжде жасамаңдар», – деген (әл-Бұхари, 701; Муслим, 414; Әбу Дауд, 603).

Имамдыққа кім лайығырақ?

Имамдыққа Құранды ең көп жаттаған, қырағаты жақсырақ адам , одан соң кім көбірек жаттаса, сол өтеді. Пайғамбар: «Адамдарға Құранды ең көп жаттаған кісі имам болады. Егер олар қырағат жағынан бірдей болса, Сүннетті көбірек білген кісі», – деген (Муслим, 673).

Имам және ұюшының орналасуы:

Негізінде, имамның алға шыққаны жөн. Ұйығандар оның артынан сап түзеп тұрады. Осы тәртіппен келесі саптар да толтырылады. Егер ұюшы жалғыз болса, имамның оң жағынан тұрады.

Имаммен бірге оқуға кешігіп келген адам намазын қалай толтырады?

Кімде-кім имаммен бірге оқылатын намазға кешігіп келсе, имам сәлем бергенге дейін, істегенін қайталап, одан соң қалған ракағаттарды толтырады. Оның имаммен оқыған намазы – намазының басы, ал имам сәлем бергеннен кейін өзі толтырған намазы – намазының аяғы болып есептеледі.

Ракағатқа үлгеру

Намаз ракағаттардан тұрады. Кімде-кім имаммен бірге рукуғ жасауға үлгерсе, сол ракағатқа үлгерген болып есептеледі. Ал кім рукуғтан кешіксе, сол ракағаттың қалған амалдарын имаммен бірге жасайды, алайда ол ракағат болып саналмайды.

Жамағаттан кешіккен адамның имамға ұю мысалдары:

  • Кімде-кім имаммен бірге таң намазының екінші ракағатына үлгерсе, имамның сәлем бергеннен кейін, өткізіп алған ракағатты оқиды және оны өтеп болған соң ғана сәлем береді. Өйткені таң намазы екі ракағат, ал ол бір ракағатқа ғана үлгерген.
  • Кімде-кім ақшам намазының соңғы тәшәһһудіне ғана үлгерсе, имам сәлем бергеннен кейін, үш ракағатты басынан бастап өтейді. Бұған себеп - оның тәшәһһудке ғана үлгеруі. Ал ракағат рукуғқа үлгерсе ғана есептеледі.
  • Кімде-кім имамның бесін намазының үшінші ракағатындағы рукуғына үлгерсе, сол намаздың соңғы екі ракағатына үлгерген болады (алайда ол ұюшыға бірінші және екінші ракағат болып есептеледі). Имам сәлем беріп болғаннан кейін, ол үшінші және төртінші ракағатты өтейді. Өйткені бесін төрт ракағаттан тұрады.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі