You are here

Ислам - бірқалыптылық діні

Ислам—бірқалыптылық діні. Онда тым селқостық, астамшылық, қиындату және шектен шығуға орын жоқ. Бұл жағдай діннің барлық рәсімдері мен құлшылықтарында көрініп тұрады.

Сондықтан Пайғамбарға , сахабаларға және жалпы мүміндерге келген иләһи нұсқаудағы бірқалыптылықтың орны ерекше. Бұл болса екі нәрсеге көңіл бөлу арқылы жүзеге асады:

Аллаһ Тағала: «Сен Өзіңе бұйырылғандай тура бол және сенімен бірге тәубе еткендер де (тура болсын). Шектен шықпаңдар! Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші», – деген (Һуд, 11/112). 

Яғни, ақиқатты ұстануда турашыл болудан танбай, осы жолда шектен шықпай, бір нәрсе қосу немесе қиындату себепті астамшылық жібермей, ыждағаттылық таныта біл.

Аллаһтың елшісі  сахабаларға қажылықтың бір амалын үйретіп отырып, оларды шектен шығудан сақтандырып, ілгеріде өткен қауымдардың жойылу себебі шектен шығу болғанын ескертіп: «Дінде шектен шығудан сақтаныңдар. Сендерден бұрын өткендерді дінде шектен шығулары құртты», – деді  (Ибн Мәжаһ, 3029);

Cонымен бірге ол  : «Сендер амалдардан шамаларың келгенін жасауларың керек», –  деген (әл-Бұхари, 1100).

Аллаһтың елшісі  өзі жеткізген елшіліктің мәнін, оның адамдарға шамаларынан тыс нәрсе жүктеу үшін келмегендігін, керісінше, оның тағылым, хикмет және жеңілдік әкелгенін түсіндіріп: «Расында, Аллаһ мені қиындатушы, қасарысушы етіп емес, үйретуші, жеңілдетуші етіп жіберді», – деді (Муслим, 1478).

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі