You are here

Ислам—тіршілік жасау діні

Ислам—дүниелік өмір мен ахиреттік өмір арасындағы бірқалыптылықты сақтаған дін. Дүние—мұсылманға Ахиретке қамданып, өмірін ізгі амалдармен толтырып, жемісін бұл дүниеде және Ахиретте көретін егістігі. Сонымен бірге бұл егін адамның өмірге деген құлшынысын, еңбекке деген құштарлық пен оқталуды талап етеді. Бұл келесі жағдайларда көрініс табады:

Жер бетін абат ету:

Аллаһ Тағала: «Аллаһ сендерді жерден жаратып, онда өмір сүретін етті»,—деген (Һуд, 11/61). Аллаһ бізді осы жерде жаратып, оны адамзатқа қызмет ететін және Ислам заңдарына қайшы келмеген түрде абат етіп, көркейтуді және дамытуды бұйырып, жер бетін ең ауыр жағдайларда абаттандырып, көркейтуді игі мақсат һәм құлшылық қатарына жатқызды. Осыған байланысты Аллаһтың елшісі  егін егуге кіріскелі тұрған мұсылманға Қиямет қайым басталса да, сауапқа ие болуы үшін, шамасы келсе сол ағашты отырғызып кетуді ескерткен еді (Ахмад, 2712).

Адамдармен араласу

Ислам өркениетті қалыптастырып, оны дамыту жолында адамдармен әдептіліктің ең жоғары дәрежедегі үлгісімен қарым-қатынаста болып, мәдениеті мен діндеріне қарамастан, олармен араласып тұруға үндейді. Сонымен бірге, адамдардан оңашалану әрі алыстау – уағызшылар мен түзетушілердің жолы емес екенін ескертеді. Сондықтан Аллаһтың елшісі  адамдармен араласып, олардың шектірген жапасы мен өзіне қатысты қате-кемшіліктерге сабыр етушінің адамдармен араласпай, олардан шеттенуден әлде- қайда жақсырақ екенін атап өтті (Ибн Мәжаһ, 4032).

Ғылым діні

Пайғамбарға  Құраннан ең алғаш түскен сөздің «Оқы!» деп келуі кездейсоқ емес.

Бұл Исламның адамзат үшін пайдалы барлық ғылымдарды құптайтынын көрсетеді. Осылай мұсылманның білім алу, бір нәрсені үйрену үшін жүрген жолын Пайғамбар : «Кімде-кім білім іздеу мақсатында жолға шықса, Аллаһ оған Жәннат жолдарынан бір жолды жеңілдетіп қояды», - деп (Муслим, 2699; Ибн Хиббан, 84), білім іздеу Жәннатқа апаратын жол екенін ескертті.

Басқа діндердегідей Ислам мен ғылым арасында ешқашан соғыс (қақтығыс) болған емес. Керісінше, әрдайым дін адамзатқа пайдасы бар ғылымның шамшырағы һәм демеушісі болып, оны үйренуге және үйретуге үндеп келген.

Осы себептен Аллаһ адамдарға жақсылықты үйретуші ғалымның қадір-қасиетін асқақтатып, оған жоғарғы дәрежелерді уәде етсе, Пайғамбар  бүкіл жаратылыстардың адамдарға қайырлы нәрселерді үйретушілер үшін  дұғада болатынын хабарлады (әт-Тирмизи, 2685).

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі