You are here

Исламда құл мен оның Раббысы арасында дәнекер жоқ

Көптеген діндер өздерінің кейбір өкілдеріне басқаларына бермеген ерекшеліктер беріп, адамдардың құлшылығы мен иманын солардың разылығы және соларға сәйкес келуіне қаратып қойған. Осындай діни ілімдер бойынша, олар құлдар мен Құдай арасындағы дәнекерлер болып табылады. Ерекшелікке ие болған адамдарды кешіру құқығына ие болатындай, жалған нанымдарына сай ғайып нәрселерді біледі деп санайды. Ал оларға қарсы шығуды зор қасірет деп санайды.

Ислам діні келіп, адам баласын ардақтап, қадір-қасиетін көтерді де, адамзаттың бақытын немесе тәубесін не болмаса олардың құлшылығын құрмет пен ізгіліктің қай шегіне жетсе де, белгілі жеке адамдарға байланып тұруын жоққа шығарды.

Құлшылық түрлері мұсылман мен Аллаһ Тағала арасында ғана атқарылады.  Ешкім де оған араласып, дәнекер бола алмайды. Аллаһ Өз құлдарына жақын. Олардың дұғасын қабыл етіп, жасаған құлшылығы мен намазын көріп, сол үшін сауабын береді. Ешбір адам басқаларды кешіру немесе олардың тәубесін қабыл алу құқығына ие емес. Қай кезде пенде тәубесіне келіп, ықылас танытса, Аллаһ оның тәубесін қабылдап, кешіреді. Сонымен бірге, ешкім шектен тыс күшке немесе әлемдегі құбылыстарға әсер ету қабілетіне ие емес. Керісінше, барлық іс бір Аллаһтың қолында. 

Ислам адам баласын ардақтағандай, мұсылманның санасын азат етіп, оны ой жүгіртуге, түйсінуге, келіспеушілік туындаған жағдайда Құран және Пайғамбардың  бізге сенімді жолдармен жеткен сөздері мен істерін басшылыққа алуға шақырды. Аллаһтың елшісінен  басқа ешбір адам абсолютті түрде бойсұнылып, барлық айтқандары орындалу құқығына ие емес. Ал Пайғамбарымызға  келер болсақ, ол өз ойынан емес, Аллаһ Тағала: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Оның айтқаны—көкейіне салынған уахи ғана»,—деп айтқандай (Нәжм, 53/3-4), тек Оның уахи етуі және нұсқауы бойынша сөйлейді.

Бізге жанымызға лайықталған әубастағы табиғатымыз—фитраға сәйкес келген дінді нәсіп етіп, адам баласын ардақтап, оны өз нәпсісіне қожайын қылуы және оны Аллаһтан басқаға құлшылық жасап, бойсұнудан азат етуі неткен ұлы нығмет! 

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі