You are here

Өмірге келуіміздің мақсаты

man pray in the mosque

Көптеген ойшылдар мен қарапайым адамдар

«Біз не үшін бармыз?

Өміріміздің басты мақсаты не?»

деген өміріміздің ең маңызды сұрағына жауап беруде бірдей абдырап қалады.

Құран Кәрим Аллаһ Тағаланың: «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым», –  деген сөзімен (Зәрият, 51/56) адамның бұл өмірдегі мақсаты мен мұратын ап-анық етіп белгілеп берді. Демек, жер бетінде бар болуымыздың негізгі мақсаты—құлшылық. Ал одан басқа нәрселер болса, оған жетуге көмекші құралдар мен толықтырушылар болып табылады.

Бірақ, Ислам түсінігіндегі құлшылық дүниеден, оның рахаты мен қызықтарынан бас тартып, безіну емес, шын мәнінде, ол намаз, ораза және зекетпен қатар адамның барлық істері, сөздері, ойлап тапқан нәрселері және қарым-қатынастары, сондай-ақ ойын-сауығы мен ләззат алуын да қамтиды, әрине, аталмыш нәрселерді жасарда ниеті игі, мақсаты көркем болса. Сондықтан Пайғамбар : «Біреуіңіздің әйелімен қосылуында садақа бар»,—деп (Муслим, 1006), мұсылманның өз жұбайымен жақындасқаны үшін, сауап алатынын түсіндірді.

Демек, құлшылық өмірдің басты талабы болуымен бірге өмірдің мәні болып табылады. Осылай, Аллаһ Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) «Расында, намазым, барлық құлшылықтарым, өмірім мен өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән», - деп айт» (Әнғам, 6/162), - демекші, мұсылман құлшылықтың сан түрлерін атқарып жүреді. 

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі