You are here

Ислам - әлемдік дін

Ислам діні мәдениеті, нәсілі, әдет-ғұрпы және мекендейтін жерлерінің әр алуандығына қарамастан, барлық ұлттарға мейірім әрі жолбасшы болып келді. Бұл туралы Аллаһ Тағала:

«(Ей, Мұхаммед!) Біз сені барлық әлемдерге мейірім етіп қана жібердік!» – деген (Әнбия, 21/107).

Осы себептен Ислам діні барлық ұлттардың салт-дәстүрі мен дүниетанымына құрметпен қарап, Ислам шариғатына қайшы келмесе, мұсылмандарды оны өзгертуге міндеттемейді. Алайда Исламға қайшы келетін әдеттерді өзгерткен жөн. Өйткені бұйрық беруші де, тыйым салушы да әрбір нәрсені толық Білуші, бәрінен Хабардар Аллаһ Тағала. Ал біздің Аллаһқа деген иманымыз Оның бұйрықтарына бойсұнуымызды талап етеді.

Осыған орай, мұсылмандардың Исламға қатысы болмаған әдеттерді ұстануға міндетті емес екендігі ескертіледі. Шын мәнінде, ол адамдар арасында қалыптасқан әдет және рұқсат етілген қарым-қатынас болып табылады.

Барлық жер – Аллаһқа құлшылық жасалатын орын

Ислам тәлімдері бойынша бүкіл жер беті өмір сүруге және Аллаһқа құлшылық жасауға жарамды болып есептеледі. Мұсылмандар қоныс аударып, дәл сол жақта өмір сүруге белгіленген (шектелген) ел немесе мекен жоқ. Аллаһқа құлшылық жасауға мүмкіншілік болған жер өмір сүруге жарамды болып табылады.

Мұсылман өмір сүріп жатқан жерінен басқа жаққа көшуге міндетті емес. Аллаһқа құлшылық етуге кедергі жасалған жағдайда ғана Аллаһ Тағала: «Ей, иман келтірген құлдарым! Менің жерім кең, ендеше Маған ғана құлшылық жасаңдар», - деп айтқандай (Анкәбут, 29/56), құлшылықты орындай алатын жерге көшеді.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі