Мәйітті жерлеу

Мәйітті жерге көму - шариғаттың талабы. Сондай-ақ әлем халықтарының көпшілігінің әдеті бойынша да марқұмның мәйіті жер қойнауына тапсырылады. Онда бір шетінен марқұмға деген құрмет болса, екінші жағынан, оның тірі жандарға тигізетін зиянынан сақтау бар.

Көму деңгейі мәйіттің денесіне аңдар тимейтіндей, су, селдер шайып кетпейтіндей және оның иісін шығармайтындай болса жеткілікті.

Қабір Жәннат бақшаларының бір бақшасы немесе тозақ шұңқырларының бір шұңқыры

Бұл кезде бірнеше жағдайды ескерген жөн:

  1. Жуып, кебіндеп, жаназа намазын оқығаннан кейін, мәйітті жерлеуді тездеткен абзал.
  2. Қабірді қажет болған шамада, яғни мәйіттің иісін шығармайтындай қылып, мәйіт пен қабірді аңдардың қазып тастауынан, сел шайып кетуінен сақтайтындай етіп тереңдетіп, кеңейтуге болады.
  3. Қабірді табыт (лахад) қалпында (сурет) немесе ойық (саңылау) (сурет) түрінде жасауға болады. Сонымен бірге әрбір елдің жер қыртысының ерекшелігіне, оның қатты-жұмсақтығына қарай өзіне лайықты түрі таңдалады.
  4. Мәйітті оң бүйірімен құбылаға қаратып жатқызу – мустахап.
  5. Мәйітті қойғаннан кейін жерлеуші: «Бисмилләһ. Уа ‘ала  милләти расулилләһ», яғни «Аллаһтың атымен және Аллаһ елшісінің милләті (діні) бойынша», – деп айтуы абзал (әт-Тирмизи, 1046; Ибн Мәжаһ, 1550).
  6. Мәйітті топырақпен көмбес бұрын мәйіттің денесі қойылған орынды (лахадты) кірпішпен, қыш (лайдан жасалған сабан араласқан кептірілген қыш түрі) немесе таспен қалап, немесе сол сияқты басқа да затпен жабу қажет.
  7. Жерлеуге келгендердің барлығы мәйітке топырақ салып, көмуге қатысуы мустахап болып саналады. Әрі Пайғамбарымыз  да бір қайтыс болған кісінің бейітіне өз қолымен үш рет топырақ  салған болатын (әд-Дәрқутни 1565).
  8. Мәйіттің үстінен адамдар жүріп, оған зиян келтірмес үшін қабірді қабір екенін білдіретіндей етіп, бір қарыс қылып көтерген абзал. Бірақ қабірге мола тұрғызып, астамшылық қылуға болмайтындығы жайлы, мұның тыйым салынғандығы тұрғысында хабарлар келген. Өйткені бұл өлген адамды ұлықтауға, Аллаһ Тағалаға серік қосуға әкеледі.
  9. Мәйітті табытқа (мәйіт салынатын сандықша, гроб) салып көму – макруһ. Бұл тек қажетті жағдайларда рұқсат етіледі.

Жерлеу рәсімінен кейін

Мәйітті жерлеп бола сала, жерлеуге келгендердің әрқайсысы өз алдына марқұмға беріктік пен кешірім тілеп, дұға жасағандары жақсы. Пайғамбар  сахабаларының бірі жерленгеннен кейін: «Бауырларыңа кешірім тілеп, оған беріктік сұраңдар. Шынында, ол қазір сұралуда», – деген (Әбу Дауд, 3223).

Мәйітті жерлегеннен кейін оған Аллаһтан кешірім, мейірім тілеп, демеу болсын деп дұға ету дұрыс болады

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі