You are here

Адамның ең биік орны – Аллаһқа құлшылық етуі, бұйрықтарына бойсұнуы.  Осымен дүние мен Ахирет түзеледі. Сондықтан дін бүтіндей жеңілдік, бүтіндей жақсылық, бүтіндей ізгілік. 
Өмірдің барлық саласын қамтыған құлшылық ету (әл-ъубудия) сауабы толық әрі қате мен кемшілік атаулыдан ада болу үшін білім және дәлелге негізделу керек. Аллаһ Тағала: «Кім Раббысымен жолығуды қаласа, ізгі амал жасасын және Раббысына ешкімді де серік етпесін» (Кәһф:110). деген. Ізгі амал Аллаһ Өз кітабында бұйырғандай және Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткендей дұрыс болу тиіс. Бүкіл жақсылық Пайғамбарға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)  ілесуде, оның сүннеті мен тура жолын ұстануда. 
Мұсылманның діни үкімдерді үйренуі – ең ұлы нығмет әрі иләһи тарту болып табылады. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаһ кімге жақсылық қаласа, оған діннен терең түсінік береді» (әл-Бұхари 71, Муслим 1037) деген. 
Бұл кітапта түрлі саладағы мұсылмандарға тағылымдық дереккөз әрі анықтамалық болуын көздеп біз  діни ұстаным, құлшылықтар және мінез құлықтарды қамтыған діни міндеттердің барлығын оңай, көзделгені анық түрде және мән мазмұнын толықтыра түсетін суреттермен бірге ұсынуға әрекет жасадық.
Аллаһтың көмегімен, қолыңыздағы кітаптың шариғат үкімдерін түсіндіруде Құран Кәрим әдісін ұстағанын көресіз. Ол тек қана мұсылманға істеуге немесе тәрк етуге міндетті нәрселерге шоғырланбай, оған қоса айтылған ғибадаттардың рухын, мақсатын және әсерлерін баяндап, әсіресе қазіргі тез өзгеріп тұрған заманда «неге?» «қалай?» және «жағдай өзгерсе не істеу керек?» секілді дінді үйрену үшін көкейтесті сұрақтарға тұшымды жауап береді.  
Аллаһ Тағаладан ниетімізді игі, амалдарымызды ізгі етуін және бізді ең жақсы мінездерге, сөздерге және амалдарға бастауын сұраймыз, шын мәнінде осы амалдардың ең жақсысына бізді Одан басқа ешкім бастай алмайды, және осы нәрселердің ең жаманынан бұрып қоюын сұраймыз, шын мәнінде осы амалдардың ең жаманынан бізді Одан басқа ешкім бұрып қоя алмайды.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі