You are here

Іскерлік қарам-қатынас жасаудағы Ислам құптайтын мінез-құлықтар мен қасиеттер

Ислам адамның іскерлік қарым-қатынас жасауда ұстанатын шариғи үкімдері мен ережелерді анықтап бергені секілді, іскерлік қарым-қатынас жасаушылардың мінез-құлықтары мен әдептерінің қандай болу керектігіне де айқын жауаптар береді.

Адалдық (аманатшылдық)

Өзгелермен сауда-саттық, іскерлік т.б. қарам-қатынас жасауда араласқан адам мұсылман болсын, кәпір болсын онымен адал болу. Мұсылманның ең беделді қасиеттерінің бірі – осындай Аллаһ шариғатының нормаларынан шықпау. Төмендегі дәлелдер оның растығын айқындай түседі:

  • Аллаһ Тағала: «Расында, Аллаһ сендерге аманаттарды өз иелеріне қайтаруды бұйырады», – деген (Ниса, 4/58).
  • Аллаһ елшісі  аманатшылдықтан жұрдай болуды, оған қиянат етіп, арамзалық танытуды мұнафиқтыққа (екіжүзділікке) балап: «Мұнафиқтың үш белгісі бар: сөйлесе өтірік айтады, уәде етсе уәдесінде тұрмайды, қандай да бір аманат тапсырылса, оған қиянат жасайды», – деген (әл-Бұхари, 33; Муслим 59).
  • Аманатшылдық – мұсылманның ең маңызды сипаттарының бірі.«Мүминдер шынымен де мұратына жетті. Олар – намаздарында жан-тәнімен беріліп тұратындар. Олар – бекер нәрселерден бет бұрушылар. Олар – зекетті өтейтіндер. Олар – ұятты жерлерін сақтайтындар, бірақ әйелдері және қол астындағы күңдерінен басқасынан. Бұл үшін олар жазғырылмайды. Ал кім бұдан тыс болғандарды қаласа, әлбетте, олар – шектен шығушылар. Сондай-ақ, олар – аманаттары мен серттерін сақтайтындар» (Му’минун, 23/1-8). Сол себептен де Аллаһ елшісі  аманатқа қиянат жасаушының жүрегінде иман бoлмайтынын айтты: «Кімде аманатшылдық болмаса, оның иманы да жоқ» (Ахмад, 12567).
  • Меккеліктер Аллаһ елшісің  оған пайғамбарлық жіберілмей тұрғанның өзінде «әс-Садиқ әл-Әмин» (шыншыл, аманатшыл) деп атайтын. Өйткені ол барлық қарым-қатынаста аса аманатшылдық пен адалдықтың рәмізі болған еді.

Шыншылдық

Шыншылдық пен ашықтық ислам құптайтын қасиеттердің ең маңыздылары болып табылады.

  • Пайғамбар  сатушы мен сатып алушылар жайлы былай дейді: «Егер шындарын айтып, (айыбын) ашық көрсетсе, олардың саудасында береке болады. Ал егер өтірік айтып, (айыбын) жасырса, саудаларының берекесі жойылады» (әл-Бұхари, 1973; Муслим,1532).
  • Пайғамбарымыз  тағы да айтады: «Шыншыл болыңдар. Шыншылдық ізгілікке апарады. Ал ізгілік Жәннатқа жеткізеді. Кісі шыншыл болып, шыншылдығын доғармай өтсе, Аллаһ алдында «шыншыл» болып жазылады» (Муслим, 2607).
  • Ислам жақсы бағада сату мақсатында өз затын өтірік ант ішіп мақтаған адамды ауыр күнә жасағандардың қатарына жатқызады. Пайғамбар  айтқандай: «Аллаһ Тағала қиямет күні үш адамға не сөйлемейді, не назарын да салмайды, не оларды (күнәлардан) тазартпайды да. Әрі оларға ауыр азап бар», – деп, олардың ішінен: «өтірік ант айтып өз заттарын сатушы», – деп тізбектеген (Муслим, 106).

Істеген істегі ұқыптылық пен ыждағаттылық

Ұқыптылық пен ыждағаттылық, әрбір ісін кемеліне жеткізіп шебер жасау әрбір мұсылман өндірісшісі мен жұмысшысының ұстанатын әрі ешқашан одан таймайтын нық ұстанымы болуы қажет.

Аллаһ Тағала әрбір істі кемеліне жеткізіп істеуді, өмірдің барлық тұстарында осы ұстанымды берік ұстануды жазды. Тіпті аңшылық етіп, мал сою секілді, бір қарағанда бұл ұстанымды ұстану қиын болып көрінген істерді де асқан шеберлікпен жасауды бұйырды. Пайғамбар : «Аллаһ Тағала барлық нәрсеге жақсылықты бұйырды. Егер қандай да  жанды өлтірсеңдер, дұрыстап (яғни, қинамай) өлтіріңдер, қандай да малды сойсаңдар, ұқыптылықпен сойыңдар. Қасапшыларың (Сояр алдын) пышағын қайрасын және малды қинамасын», – деген (Муслим, 1955).

Бір күні Аллаһ елшісі  бір кісінің жаназасына қатысып жатып сахабаларына оның мәйіт қойылатын үйшігін тегістеп, мәйітті аса ұқыптылықпен көмуді бұйырды да, оларға қарап: «Мұның мәйітке әкелетін пайдасы да жоқ, тигізетін зияны жоқ. Дегенмен Аллаһ Тағала сендердің әрбір істі көркем түрде орындауларыңды жақсы көреді», - деген (Байхақи, «Шу‘аб әл-Иман», 5315). Басқа бір хадисте былай делінген: «Шынында, Аллаһ сендердің бірің қандай да бір іс істегенде, ол істі асқан ұқыптылықпен шебер түрде жасауын жақсы көреді» (Әбу Йа‘ла 4386, Байхақи, «Шу‘аб әль-иман», 5312) (Қалған мінез-құлықтарды 196-207 беттерден қараңыз).

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі