You are here

Табу жолы харам болғандар

4- Құмар ойнау

Құмар ойнау дегеніміз не?

Бұл бәстесушілер ұтыс тігіп, ұтқан жақ ұтылғандардың қаржы-мүлкін иемденуге өзара шарттасатын ойындар мен жарыстарда кездеседі. Мұндай бәстесушілер бірде ұтып, басқалардың ақшасына кенелсе, бірде, керісінше, ұтылып, өз ақшасын өзгелерге таратып отырады.

Құмар ойынның шариғи үкімі

Оған шариғат үзілді-кесілді тыйым салады. Және бұл қатаң тыйым Құран мен сүннетте тілге тиек етілген:

  1. Аллаһ Тағала құмар ойнаудан табылатын дүниенің пайдасынан зияны көп болатынын анықтап: «Олар сенен шарап және құмар ойындар туралы сұрайды. Оларға: «Ол екеуінде үлкен күнә және адамдар үшін пайда бар. Алайда пайдасынан күнәсі үлкенірек», – деп айт», – деді (Бақара, 219).
  2. Аллаһ Тағала құмар ойнауды оның жеке адам мен қоғамға әкелетін зияны мен залалы үшін рухани азғындық деп баға берді. Әрі одан алшақ болуды бұйырып, оның адамдар арасындағы алауыздық пен өшпенділікке себеп болатынын, әрі Аллаһ Тағаланы еске алып, Оған құлшылық қылудан тыятынын айқындап берді: «Ей, иман келтіргендер! Шын мәнінде, шарап, құмар ойын, пұттар, бал ашатын оқтар - шайтан амалынан болған лас нәрселер. Мұраттарыңа жету үшін, одан аулақ болыңдар. Негізінде, шайтан шарап және құмар ойынмен араңызға дұшпандық пен өшпенділік қоздыруды әрі сендерді Аллаһтың Зікірі - Құраннан және намаздан тосуды қалайды. Енді тыйыласыңдар ма?» (Мәида, 90,91).

Басында басқаша көрінгенімен құмар ойынның арты қауіпті

Құмар ойнаудың қоғам мен адамға тигізетін зияндары

Құмар ойнаудың қоғам мен адамға тигізетін зияндары өте көп. Олардың ішіндегі ең сүбелілері мыналар:

  1. Адамдар арасында дұшпандық пен өшпенділік тудыруы. Әдетте, бәс тігушілер өзара дос болып келеді. Алайда бірі жеңіп, басқалардың ұтысқа тіккен мал-мүліктерін иемденіп жатқанда, әлбетте, олар оған өшіге бастайды. Сөйтіп, оны көре алмай, оған үнемі кектеніп жүретін болады. Кектерін қайтару үшін, оқтын-оқтын оған қастық жасап, оған да өздері секілді зиян тигізуге тырысады. Бұл – күнделікті кездесіп, барлығы білетін жағдай. Әрі оны Аллаһ Тағаланың: «Негізінде, шайтан араларыңа шарап және құмар ойын арқылы дұшпандық пен өштік салуды қалайды», – деп айтқанын растай түседі. Сондай-ақ, құмар ойнау адамды өзінің шариғи міндеттерін орындаудан, Аллаһ Тағаланы еске алып, Оған құлшылық қылудан тыяды. Аллаһ Тағала шайтанның құмар ойнауды әспеттеп, керемет қылып көрсетуіне не түрткі болатынын тілге тиек ете отырып былай дейді: «Ол сендерді Аллаһты еске алудан және намаздан тосады» (Мәида, 91).
  2. Құмар ойнау адамдарды мал-мүліктерінен айырып, байлықтарын бекерге шашқызады. Құмар ойнаушы түптің-түбінде орасан зор зиянға ұшырайды.
  3. Құмар ойнаушының оған әуестенуі жылдам. Егер ол құмар ойыннан ұтысқа ие болып, біршама пайда тапса, оның құмары артады да, ұтқан сайын ұта бергісі келеді. Сөйтіп, ол өзіне осындай харам жолмен ақша табуға толық еркіндік береді. Ал егер құмар ойыннан жеңіліп қалса, жоғалтқан қаражатын қайтарғысы келіп құмардың тұңғиығына батқан сайын бата береді. Не керек, екеуі де, бір жағынан, еңбек етіп адал жолмен ас табуға кедергі келтірсе, екінші жағынан, керісінше, арам жолмен ас тауып, қоғамды құрдымға кетіруге жол ашады.

Құмардың түрлері

Құмар ойнаудың түрлері өте көп. Олардың ішінде қадым заманнан келе жатқандары да, қазіргі заманда шыққаны да бар. 

  1. Жеңілген кісі жеңген кісіге мал-мүлкінен тиісті бөлігін беруге өзара шарттасып ойнайтын ойындар. Мысалы, бір топ кісілер әрқайсысы белгілі бір мөлшерде ақша тігіп, карта ойнайды. Ойынның нәтижесінде кім жеңсе, сол кісі әлгі ақшаның барлығын алады.
  2. Ойыншының немесе команданың с.с. жарысқа қатысушылардың бірінің жеңісіне ұтыс тігу. Кімнің ойыншысы немесе командасы жеңіске жетсе, сол тігілген қаржыдан өз үлесін алады. Ал ойыншы немесе команда жеңіліске ұшыраса, керісінше, тіккен ақшасынан айырылады.
  3. Лотерея. Мысалы, бір долларға лотерея билетін сатып алады да, лотерея 
  4. Ойыншы екі нәрсенің біріне: біршама ақша ұту немесе ұтылу ықтималдығына ие болатын әрбір қимыл-қозғалысқа негізделген, электрлік, электрондық сипаттағы немесе интернет сайттарында ойналатын барша ойындар.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі