You are here

Отбасының Исламдағы орны

Исламның жанұяға деген қамқорлығы келесі жайттардан көрініс табады:

  1. Ислам үйленіп, отбасын құру ұстанымын нақтылады әрі оны ең ардақты амалдардан, керек десеңіз, пайғамбарлардың сүннеті етті. Пайғамбарымыз : «Алайда мен ораза ұстап, аузымды ашамын, намаз оқимын, ұйықтап демаламын әрі әйелдерге үйленемін. Кім менің сүннетімді қаламаса, ол менен емес», – деген (әл-Бұхари, 4776; Муслим, 1401).
  • Құран Аллаһ Тағаланың ер мен оның жары арасында жаратқан тұрақтау мен махаббатты, мейірім мен қуанышты ең үлкен сый мен белгілерден деп есептейді. Аллаһ Тағала: «Сондай-ақ сендерге тыным табуларың үшін өздеріңнен жұбайларыңды жаратуы және араларыңызға сүйіспеншілік пен жанашырлық орнатуы да Оның белгілерінен», – деді (Рум, 30/21).
  • Сондай-ақ, отбасын құруды жеңілдетуді, өз нәпсісін тыю мақсатында некелесуді қалайтын кісіге көмек беруді бұйырды. Пайғамбарымыз  Аллаһтың үш түрлі адамдарға ерекше түрде көмектесетінін айтып, олардың ішінде: «Ар-намысын сақтауды қалайтын некелесуші», – деген (әт-Тирмизи, 1655).
  • Жастарға күйлі-қуатты кездерінде, жалындап тұрған жастық шақтарында үйленуге бұйырды. Үйленуде олар үшін тұрақтау мен жан тыныштығы, шаһуаттары мен қалауларын қанағаттандырудың шариғи шешімі бар.

Ислам діні үйленуді және отбасын құруды елшілердің сүннетінен деп есептейді. Дініміз үйленуді жеңілдетіп, жастарға қолдау көрсетуге әмір етеді

  1. Ислам отбасы мүшелерінің әрқайсысына, мейлі, 

Ислам ата мен анаға бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілік жүктеді. Абдуллаһ Ибн Омар (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбарымыздың : «Барлығың бақташысың және барлығың өз қарамағыңда болғандар үшін жауапкерсіңдер: Имам бақташы әрі қол астындағыларына жауап береді. Ер кісі – өз отбасының бақташысы, ол да өз қарамағындағылар үшін жауапты. Әйел кісі де өз күйеуінің үйінде бақташы, ол да өзіне тиесілі нәрселерден сұралады, қызметші де мырзасының мал-мүлкіне бақташы, ол да одан сұралады», – деп айтқанын жеткізген (әл-Бұхари, 853; Муслим, 1829)

  1. Мұсылманға туыстық қарым-қатынасты сақтау бұйырылды. Яғни, әкесі мен анасы жақтан болған туыстарымен әрдайым өзара байланыста болып, оларға жақсылық жасауға шақырды.

Жақын туыстары деп аға-інілері, әпке-қарындастары, немере ағалары мен немере әпкелері, олардың балалары, нағашы ағалары мен нағашы әпкелері және олардың балаларын айтады. Ислам туыстық қатынасты сақтауды жақындық пен бойсұнушылықтың шыңы деп есептеді. Олармен туыстық қатынасты үзуден, оларға қастық жасаудан сақтандырып, оны үлкен күнәлар қатарына жатқызды. Пайғамбарымыз: «Туыстық қатынасты үзуші Жәннатқа кірмейді», – деген (әл-Бұхари, 5638; Муслим, 2556).

  1. Ислам ата-ананы қадірлеп, оларға құрмет көрсету, өле-өлгенше қамқорлық жасап, бұйрықтарына бойсұну қағидаттарын нықтап орнықтыруға талпынды.

Ер жігіт қаншама есейсе де, қыз бала қаншама бойжетсе де, ата-аналарына бойсұнып, оларға жақсылық жасауға міндетті. Аллаһ Тағала ата-анаға жақсылық жасауды өзіне құлшылық етумен қатар қойып, олармен қарым-қатынаста қандай да бір сөз не іспен шектен асып, ашуланғанын көрсететін сөз не дыбыс шығаруды тыйған. Аллаһ Тағала былай дейді: «Раббың тек Өзіне ғана құлшылық жасауды және ата-анаға жақсылық істеуді бұйырды. Қашан ол екеуінің бірі немесе екеуі де қасыңда қартайып қалса, оларға «Уф» деуші болма  және оларға ұрыспа. Оларға сыпайы болып, жұмсақ сөз айт» (Исра сүресі, 17/23).

  1. Балалар арасындағы әділдік

Ұл-қыздарының құқықтарын қорғауға, олардың арасында бөліс жасауда, күнделікті тұрмыстық мәселелерде әділ болуға бұйырды. Пайғамбарымыз : «Аллаһтан қорқыңдар және балаларың арасында әділетті болыңдар», – деген (әл-Бұхари, 2650). 

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі