Ең ұлы зікір:

Аллаһтың сөзі Құран Кәрим – Оны еске түсіретін ең ұлы көрінісі. Қай кезде мұсылман Құран оқып, оның мағыналарына зер салып үңілсе, Аллаһты зікір етушілерден болады.

Құранның ең ұлы аяттары мен сүрелерінен:

Курси Аяты

Күрси аяты Пайғамбарымыз  хабарлағандай, Аллаһты ұлықтау және Оның кемелдігі мен құдірет сипаттарын қамтығандығы Құрандағы ең ұлы аят болып табылады.

Бұл аят таңертең, кешке және ұйықтар алдында оқылады. Хадисте келгендей, кім бұл аятты жатарда оқыса, оған таң атқанша Аллаһ тарапынан күзетші періште бекітіліп, шайтан жақындамайды. (әл-Бұхари, 2178).

Сонымен бірге, Курси аяты намаздан кейін де оқылады. Пайғамбарымыз : «Кімде-кім әрбір парыз намаздың соңында Аятүл-Курсиді оқыса, оның Жәннатқа кіреуіне тек өлімі кедергі болады», – деген (Ән-Нәсаи, «Сунан әл-Кубра», 9848). 

«/Әъузу билләһи минәш-шайтанир-ражим/. Аллaһy лә иләһә иллә һууәл-Хаййул-Қаййуму. Лә тә’хузуһу синәту-уә лә нәум. Ләһу мә фис-сәмәуәти уә мә фил-ард, мән зәлләзи яшфәъу ъиндәһу иллә би-изниһи. Йәъләму мә бәйнә әйдиһим уә мә халфәһум уә лә йухитунә бишәй-им мин ъилмиһи иллә бимә шә-ә. Уәсиъа курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә лә йәудуһу хифзуһумә уә һууәл ъалийул-ъазыйм». (Бақара, 2/255).

«Аллaһy лә иләһә иллә һуу»

Аллаһ, құлшылық жасалуға тек Ол ғана лайық

«әл-Хаййул-Қаййум»

Ол - әл-Хайй, мәңгі Тірі, тірі болудың кәміл  мағыналары Оның ұлықтығына лайық түрде тән. Әрі Ол – әл-Қаййум барлық нәрселердің ісін меңгеруші

«Лә тә’хузуһу синәту-уә лә нәум»

Оны ұйқы да, қалғу да баспайды. Яғни, ол ұйықтамайды да қалғымайды.

«Ләһу мә фис-сәмәуәти уә мә фил-ард»

Әлемдегі, аспандар мен жердегі барлық нәрселер Оның иелігінде. Ол – осы нәрселердің шынайы Иесі һәм Жаратушысы.

«Мән зәлләзи яшфәъу ъиндәһу иллә би-изниһи».

Оның алдында Оның рұқсатынсыз шапағат етуге ешкімнің дәті бармайды.

«Йәъләму мә бәйнә әйдиһим уә мә халфәһум»

Аллаһ олардың келешегі мен арттарында қалдырған өткен өмірлерін біледі.

«Уә лә йухитунә бишәй-им мин ъилмиһи иллә бимә шә-ә».

Өзі білдірмесе, Оның жаратқандарынан ешкім Оның білгендерінен еш нәрсе біле алмайды.

«Уәсиъа курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард»

Кейбір сахабалар «курсиді» Аллаһ Тағаланың ұлықтығына лайық түрде табандары астындағы орын (басқыш) деп түсіндірген. Курси – аспандар мен жерді сыйдырған Аллаһтың алып жаратылысы.

«Уә лә йәудуһу хифзуһумә»

Аспандар мен жерді және ондағы нәрселерді сақтап тұру Аллаһқа қиын емес.

«Уә һууәл ъалийул-ъазыйм»

Ол – Заты және сипаттарымен барлық жаратылғандардан биік, ұлылық пен үлкендік сипаттарын өзінде біріктіруші.

Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы

«Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» сайты, «Мұсылманның жеңілдетілген анықтамалығы» кітабының электрондық нұсқасы. Ол «Заманауи анықтамалық» компаниясының бір проектісі болып табылады. Бұл кітап 15-тен артық тілге аударылып, мазмұны бірнеше электрондық айрықша үлгілерінде қамтамасыз етілді.

“MODERN GUIDE” серіктестігі